Батыр құрметіне ескерткіш ашылды

Қостанай облысының Науырзым ауданында 52 жыл бұрын қылмыскердің қолынан қаза тапқан Асқарбек Қыстауовқа ескерткіш тақта орнатылды.
Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Талғат Кәрбозов, Қостанай облысы ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы Бағдат Итесов және аудан тұрғындары қатысты.
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ерлікпен қаза тапқан батырларымызды еске аламыз. Сондықтан ескерткішке Асқарбек Қыстауовтың есімі жазылған, – деп атап өтті аудан әкімі Талғат Карбозов.
1967 жылдың 7 мамырында «Первая семилетка» кеңшарында қаруланған жастар арасында атыс басталады. Хабарлама келіп түскеннен кейін қылмыстық іздестіру жөніндегі жедел уәкіл Асқарбек Қыстауов оқиға орнына дереу жетеді. Қаруланған бұзақыны ұстау кезінде милиционер қаза табады. Сол кезде ол небары 26 жаста еді.
– Тәуелсіздік алған сәттен бастап қызметтік борышын орындау кезінде 2264 полицей қаза тапты, оның ішінде 785 – қылмыскерді ұстау кезінде. Қостанай облысы бойынша 42 полицей ажал құшқан, оның ішінде 11-і қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапты. Олардың ерліктері – өскелең ұрпаққа үлгі. Ішкі істер органдарына келіп түскен жас қызметкерлер осы тақта алдында қызметтік борышын лайықты атқаруға ант береді, – деп атап өтті полиция полковнигі Бағдат Итесов.
– Асқар Қыстауовтың өмірден өткеніне 52 жыл толды, бірақ жерлестері оны есінен шығарған емес. Тәртіп сақшысының құрметіне ол қаза тапқан елді мекенде көшеге аты берілді, – деп атап өтті Науырзым ауданы Полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Орал Баймурзин.
Сондай-ақ, осы іс-шарада ұзақ жылғы адал еңбегі үшін отставкадағы милиция майоры Жоламан Жұмағұловқа «Науырзым ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
– Қостанай облысы ПД ардагерлер кеңесінің өтініші бойынша аудандық әкімдіктің қолдауымен ардагер Жоламан Ибрашұлына осы құрметті атақ берілді. Ол көптеген полиция қызметкерін тәрбиеледі. Ардагерлер кеңесі аудан әкімдігіне ІІО ардагеріне көрсеткен құрметі үшін алғыс білдіреді, – дейді облыстық ПД ардагерлер кеңесінің өкілі Ұзақбай Ермұханов.
Жоламан Жұмағұлов ішкі істер органдарында 30 жылдан астам қызмет еткен. Ол Науырзым ауданының Милиция бөлімінде 1964 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс істеді және 1996 жылы құрметті демалысқа шықты. Осы жылдары Жоламан Ибрашұлы милицияның әртүрлі лауазымдарында, «Науырзым», «Дәмді» және «Қостанай» кеңшарларында учаскелік жедел уәкілі болды. ІІО қызметінен кейін Дәмді, Наурызым және Шолақсай кенттерінде ауылдық кеңес депутаты болып сайланды.
Милицияда жұмыс істеген кезеңінде «Кеңес милициясының үздігі» белгісімен, «Қызмет үздігі» кеуде белгісімен, «Кеңес милициясының 50 жылдығы» медалімен, үшінші, ІІ, І дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, грамоталармен және Құрмет парақтарымен марапатталған. Қостанай облысы ІІБ Құрмет тақтасына есімі енгізілді.
Жоламан Ибрашұлы ауданда жасалған ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашуға атсалысқан. Ол өзіне сеніп тапсырылған аумақта қоғамдық тәртіпті мінсіз сақтаған.

Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*