Қаһармандар – халық арасында

Полиция қызметкерлерінің бойында азаматтық-құқықтық көзқарас, қазақстандық патриотизм, Антқа және қызметтік борышқа берілгендікті қалыптастыру және ішкі істер органдарының имиджін арттыру мақсатында кеше Ақтөбе қаласында дәстүрге айналған «Қазіргі заман қаһарманы» республикалық акциясы басталды.
15 қарашаға дейін созылатын шарада бейбіт уақытта ерлік істер жасаған полиция, төтенше жағдайлар бөліністерінің, қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері көпшілікке насихатталмақ.
«Нұр Отан» партиясының Ақтөбе филиалының конференц-залында жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының және күштік құрылымдардың бірінші басшыларының қатысуымен «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі!» атты дөңгелек үстел өткізілетін болады.
Сонымен қатар, іс-шаралар жоспарының аясында Ақтөбе облысының Алға, Хромтау және Темір аудандарында жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен, халық арасындағы белсенділер, құрметті азаматтар, ардагерлер мен жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ, аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамымен кездесу және концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.
«Қазіргі заман қаһарманы» атты жыл сайынғы республикалық акциясын өткізудің мақсатын түсіндіру үшін аталған аудандар мен облыс орталығында жалпы білім беретін орта мектептердің, оның ішінде, Ақтөбе қаласындағы «Назарбаев интеллектуалды мектебінің», Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқушылары және ұстаздарымен кездесулер өтеді.
Республикалық акцияны қорытындылау және Ішкі істер министрінің атынан қызметкерлерге марапаттауларды салтанатты түрде табыстау рәсімі «Өнер орталығының» концерттік залында өтетін болады. Шара соңы тақырыптық концерттік бағдарламамен жалғасады.

Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*