Полицияның жаңа стандарты жолында

Ұжымдағы проблемалық мәселелерді шешу, полицейдің жаңа келбетін қалыптастыру – осы және басқа да өзекті мәселелер облыс ішкі істер органдары қызметкерлерінің оқу-әдістемелік жиынында қаралды.
Жиын 4-6 қараша күндері офицерлерді тәрбилеуде тәжірибесі мол Ұлттық ұлан Әскери институтының базасында өтті. Полиция департаменті, қылмыстық атқару жүйесі, төтенше жағдайлар, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бөлім басшылары мен олардың орынбасарлары, батальондар және
«Тәрбие жұмысының дағдыларын меңгеру – басшыға қойылатын талаптардың бірі, – дейді облыстық ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев. – Ол қарамағындағы қызметкерлер үшін әдептіліктің жарқын үлгісі болуы, ұжымдағы жағдайға баға беріп, түзете білуге, тәлімгерлік институты әлеуетін сауатты пайдалануы тиіс. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының полиция бөліністерінде еңбек өтілі бір жылға толмаған 240-қа жуық жас маман жұмыс істейді. Олардың жетістігі көбінесе, бірлескен жұмысты реттей білетін тікелей бастықтың қабілетіне байланысты».
Сондай-ақ, жиындар кәсіби өсуге негіз болып табылады. Бүгінгі орта буын басшылары болашақта аға басшы құрамның лауазымына ұсынылған кезде тиісті білім деңгейі талап етіледі.
Жиын бағдарламасында дәрістермен қатар, практикалық сабақтар да көзделген. Полицейлер жұмысында психологиялық шиеленіспен және күйзеліспен жиі ұшырасады. Тікелей басшы теріс салдарды бірінші болып анықтап, жолын кеседі.
Жиынның тақырыбы да жан-жақты болды. Патриоттыққа тәрбиелеу, нормативтік-құқықтық құжаттарды түсіндіру, заманауи жағдайда терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі ІІО қызметі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сөз сөйлеу мәдениеті, отбасылық құндылықтарды насихаттау және тағы басқалары – орта буын басшысының құзыреттілігін қажет етпейтін бірде-бір сала жоқ.
Курс жетекшісі, ІІМ Кадр саясаты департаментінің ғылыми қызметкері, отставкадағы полиция полковнигі Болат Каженов айтып кеткендей, жиын 2019-2020 жылдары ІІО реформалау бойынша Жол картасы шеңберінде идеологиялық және тәрбие жұмысы жоспарын жүзеге асыру тәртібінде өткізілуде. Жоспар қазақстандық мемлекеттілік, тарих, толеранттылық, әдеп кодексі және кәсібилік базасында кадрларды қалыптастыруды тұспалдайтын қазақстандық полицейдің стандарты жобасымен үндес.
Жиын соңында қатысушыларға сиртификаттар табысталды және тәрбие жұмысы жөніндегі әдістемелік құралдар үлестірілді.
Солтүстік Қазақстан облысы – осы жиын өткізген Қарағандыдан кейінгі екінші аймақ. Министрлік ІІО аумақтық бөліністерінің басшылық құрамының барлық буындарына осындай жұмысты одан әрі жалғастыруды жоспарлап отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*