Қысқа дайындық қауырт

5-6 қарашада республикада «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбында «Қыс-2019» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.
Оқу-жаттығуды басқару штабы Қарағанды қаласында орналасты.
Шара шеңберінде электр жабдықтарын іске қосу мен хабарлау жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді. Іс-шара халықтың «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін үйрету мақсатында ұйымдастырылды.
Бүкіл республика көлемінде ТЖ жою бойынша іс-қимылдарды пысықтауға арналған командалық-штабтық жаттығулар, қысқы кезеңдегі ТЖ ден қою және жою бойынша апаттық-құтқару қызметі бөлімшелерінің практикалық іс-әрекеттері жүргізілді.
Оқу-жаттығудың бірінші күні, яғни 5 қарашада Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек және ТЖ комитеті төрағасының орынбасары Т. Нұрмағамбетов Қарағанды облысының Азаматтық қорғау апаттық-құтқару құралымдарының, жылжымалы басқару пунктінің және шатырлы лагерьдің дайындығын тексерді.
ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшелерінің жедел-құтқару құрамалары, Ұлттық ұланның «Орталық» РМҚ 52859 әскери бөлімі, апаттық-құтқару қызметтерінің құрамына кіретін «Астана» РМҚ бөлімшелері бар күштер мен құралдардың дайындығын көрсетті.
Далалық басқару пунктінің жұмысы, онда қажетті байланыс түрлерімен жабдықталған штаб шатыры, медициналық қамтамасыз ету пункті, тамақтану пункті, жылыту және психологиялық көмек пункттері ашылды. Сондай-ақ, жол талғамайтын автомашиналар базасында жылжымалы байланыс тораптарының мүмкіндіктері көрсетілді.
Практикалық іс-шаралар шеңберінде апаттық-техникалық құралымдардың әзірлігі тексерілді.
Осы күні облыс және ТЖ комитетінің басшылығы Қарағанды 3-ЖЭО бастығының қаланы жылумен қамтамасыз етудің бас нысанының қысқы кезеңге дайындығы туралы сөзін тыңдады. Сонымен қатар, жылу электр стансасында апаттық жағдайды жою кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтті.
Оқу-жаттығудың екінші күні барлық жерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу, оның ішінде су айдындарында, автожолдардағы қар үйінділерін жою және зардап шеккен халыққа көмек көрсету бойынша практикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*