Жаңа басшыларды таныстырды

Президент Әкімшілігінің және облыс әкімінің келісімі бойынша Павлодар облысының Полиция департаменті бастығының лауазымына Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы тағайындалды.
Полиция генерал-майоры Әубәкіров Амантай Акрамұлы лауазымынан босатылды, ол қызметін ІІМ-нің Орталық оталық аппаратында жалғастырады.
Полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.
Н.М. Мәсімов 1973 жылы туған, ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол.
9 жыл бойы Алматы облысының және Алматы қаласының Полиция департаменттері бастығының бірінші орынбасары болып қызмет етті. Осы жылдың мамыр айынан бастап ІІМ Орталық аппаратының департаментін басқарды.
Қызмет өткеру кезеңінде өзін сауатты әрі білікті басшы ретінде көрсете білді.
Сонымен бірге, жеке құрамға облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалған полиция полковнигі Омаров Фархад Мұратбекұлы таныстырылды.
Министр жаңа басшыларды тағайындалуларымен құттықтап, олардың, сондай-ақ, облыстық полиция жеке құрамының алдына Президенттің ішкі істер органдарына белгілеген бірқатар нақты міндеттерін жеткізді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, ішкі істер органдарын жаңғырту, бірінші кезекте, қоғамның талаптарына жауап беретін, заманауи қауіп-қатерлер жағдайларында қылмысқа қарсы тиімді іс-қимылға дайын жаңа форматтағы полицияны қалыптастыруға бағытталған», – деп атап өтті министр Ерлан Тұрғымбаев..

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*