Тұрғын секторындағы өрт қауіпсіздігі

31 қазанда Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккердің қатысуымен «Тұрғын секторындағы өрт қауіпсіздігінің алдын алу» тақырыбында баспасөз малихаты өтті.
Өткен жылдардағы тұрғын секторларындағы өрттердің себептерін талдау негізінде, жылу беру кезеңі қарсаңында Төтенше жағдайлар комитеті алдын алу жұмыстарының тәсілдерін қайта қарап, тиісті іс-шаралар жоспарын бекітті.
Былтыр жергілікті жерлерде өрттің алдын алу жұмыстарын жүргізуге тек қана азаматтық қорғау органдарының және полиция қызметкерлері қатысты. Осы жылы біздің бастамамыз бойынша өрттің алдын алуға жергілікті атқарушы органдар, соның ішінде әлеуметтік қорғау және білім беру құрылымдық бөлімшелері қосылды.
«Биыл алдын алу шаралары бір ай бұрын, яғни 15 тамызда басталды. Біз халықтың әлеуметтік осал топтарына (аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі адамдар) назар аудара отырып, жаппай аулаларды аралаудан бас тарттық.
Аумақтық төтенше жағдайлар бөлімшелері әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп 169 мың тұрғын үйді анықтады, оның ішінде 25 қазандағы жағдай бойынша 162 мыңы немесе 96%-ы профилактикалық жұмыспен қамтылды, оның 82 мыңы комиссиондық тексерістен өтті. 62 мың үйде 65 мың бұзушылық анықталды.
Өкінішке қарай, 5 мың үйдің тұрғындары түрлі себептермен тексеру жүргізуден бас тартты (пәтер жалдаушылар, жауапкершілікке тартылудан қорқу).
Сонымен қатар, кемшіліктерді жоюды бақылау үшін 45 мың үйде қайта аралау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде тек 8 мың үйдің тұрғындары немесе 18%-ы, соның ішінде 6 мыңы өздігінен, 2 мыңы, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жергілікті атқарушы органдардың көмегімен өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдаған.
Халықтың осы топтарының тұрғын үйінен басқа, өрт жағдайын талдау негізінде алдын алу жұмыстарымен ауылдық елді мекендер мен қалалардың аудандары қамтылады, оларда өрттердің ең көп саны тіркеледі», – деді В. Беккер.
Өткен жылу беру маусымынан бастап, жану өнімдерімен уланудың қайғылы салдарларын азайту мақсатында тұрғын үйлерде түтін, улы және табиғи газдың қауіпті концентрациясын анықтау датчиктерін орнату жұмыстары жалғасуда.
Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты, демеушілік көмек есебінен 24 мың датчик сатып алынды және орнатылды.
Осы жылғы 1 қыркүйектен бастап тұрғын үй секторында 1 148 өрт орын алды, оның салдарынан 20 адам көз жұмды, 34 адам жарақат алды, өрт шықпай улы газбен уланудан 6 адам көз жұмды.

ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*