Тоғыз айдың тобықтай түйіні

Ішкі істер министрлігіне қарасты полиция бөліністері қазан айында осы жылда өткен тоғыз айдағы қызметтерін қорытындылады. Әр аймақта ұйымдастырылған алқалы жиындардың бірнешеуін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Көліктегі ПД
Еліміздің көлік полицейлері жыл басынан бері 1 600-ге жуық қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді.
31 қазанында ІІМ Көліктегі Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Оңал Бекеевтің төрағалығымен 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті. Шарада жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы талқыланып, департаменттің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері нақтыланды. Кеңес жұмысына департамент бастығының орынбасарлары, аппарат қызметінің бастықтары және желілік бөліністердің басшылары қатысты.
Жыл басынан бері Көліктегі ПД қызметкерлерінің атқарған шаралары жедел қызмет көрсету аумағында қоғамдық тәртіптің орнығып, қауіпсіздік деңгейінің көтерілуіне септігін тигізді. 9 айда департаменттің қызмет көрсету аумағында барлығы 1 589 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 918-і қылмыс және 671-і теріс қылық. Осы жұмыстар нәтижесінде ауыр қылмыстар саны 15,5%-ға, қылмыстың орташа түрі 15,5%-ға төмендеген, олардың ашылуы салыстырмалы түрде 77,1-64,9%-ды құрайды.
Мемлекет басшысының қоғам арасында тәртіпсіздікке «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру тапсырмасын жүзеге асыру барысында ұсақ бұзақылық бойынша 1 183 дерек тіркелген, оның 600-ден астамы қоғамдық орындарды ластау бойынша. Тыйым салынған орындарда темекі шеккені үшін әкімшілік жауапкершілікке 2 905 азамат, қоғамдық орындарға спирттік ішімдіктерді ішіп келу бойынша 5 000-нан астам азамат жауапкершілікке тартылған.
Осы жылдың 9 айында 45 305 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардан 76 миллион теңгеден аса әкімшілік айыппұл өндірілді.
Еліміздің бас көлік полицейі Оңал Бекеев темір жол және әуе көліктеріндегі қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесіне айрықша көңіл бөлді. Сонымен қатар, ол аталған нысандардағы бірқатар проблемаларға тоқталды.
Отырыста департамент аппараты қызметі және бірқатар желілік бөліністер басшыларының есептері тыңдалды.
Сонымен қатар, кадр саясатын жүзеге асыру және жеке құрам арасындағы қызметтік-әскери дайындық пен қатаң тәртіпті қамтамасыз ету деңгейі, әрбір полиция бөлімшелеріндегі жемқорлықпен күрес шараларының күшейтілу жайы сөз болды.
Департамент бастығы О. Бекеев жиынды қорытындылай келе, жұмыс барысындағы кейбір кемшіліктерге тоқталды және басшыларға өздеріне қарасты қызмет көрсету аумақтарында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау жөнінде тапсырмалар берді.

***

Қостанай облысының ПД
Қостанай облысының полиция департаментінде кеңейтілген кеңес өтп, онда 2019 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер анықталды. Мақсатты іс-әрекеттердің арқасында өңірде ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 84%-ға дейін жақсарды.
Кеңесте қалалық және аудандық Полиция бөлімдері бастықтарының, прокуратура, ҚАЖД, ТЖД, 6697 әскери бөлім өкілдерінің, сондай-ақ, департаменттің басшылық құрамының қатысуымен құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жұмыстың негізгі бағыттары талқыланды.
Полиция департаменті Штабының бастығы Мейрам Қажкенов осы жылдың 9 айындағы жедел-қызметтік іс-әрекет туралы баяндама жасады. Полиция подполковнигінің айтуынша, облыстық ведомствоның жұмысы 2019-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасына сәйкес жүргізілуде. Штаб бастығы 9 айдың қорытындысы бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралардың арқасында қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу 12,4%-ға төмендегенін атап өтті.
Аса ауыр қылмыстарды ашу бойынша жұмыс жағдайына қатысты Қостанай облысында ашылмаған аса ауыр зорлау және жыныстық тиіспеушілікке қарсы өзге де қылмыстар жоқ екенін атап өткен жөн.
Бүгінде облыста бопсалаушылық жасаудың барлық тіркелген фактілері ашылған. «Аса ауыр қылмыстардың ашылуы облыс департаменті басшылығының тұрақты бақылауында», – деп атап өтті полиция подполковнигі.
Осыған байланысты, өңірдегі мақсатты жұмыстың арқасында 9 ай ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 84%-ға жетті (2018 жылы – 76%).
Кісі өлтіру, қарақшылық, айдап кету және денсаулыққа ауыр зиян келтіру сияқты қылмыстардың ашылуы 90% құрайды. Пәтер ұрлығының ашылуы – 80%.
Көшелерде және қоғамдық орындарда жағдай айтарлықтай тыныш. Қоғамдық орындарда, соның ішінде көшелерде және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған тіркелген қылмыстар саны 20%-ға азайды.
Өткен жылмен салыстырғанда ЖКО саны 7,8%-ға төмендеді. Сондай-ақ, өткен жылмен салыстырғанда мал ұрлығының ашылуы 24%-ға өсті.
Жыл басынан бері облыс тергеушілері мен анықтаушылары сотқа 4218 қылмыстық іс жіберді. Сотқа жіберілген істердің үлес салмағының көрсеткіші бойынша Қостанай облысы республикадағы облыстар арасында жетекші орында тұр.
Сонымен қатар, полиция полковнигі Нығмет Исмағұлов Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ІІМ алқа мәжілісінде айтылған тапсырмаларын орындау бойынша негізгі міндеттерді атап өтті: бұл құқық бұзушылықтың, ұрлық пен алаяқтықтың алдын алу, есірткі қылмысымен күрес, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, өткен алқа отырысында тергеу органдары сынға ұшырады. Осыған байланысты қызметтің осы бағыты кеңес шеңберінде қаралды.
Жол картасында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында полицияның сервистік жұмыс моделіне көшуі шеңберінде «Құлақ асушы мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бойынша азаматтармен кері байланыс қамтамасыз етілді, полицияның ашықтығына негізделген халықпен жұмыстың жаңа форматына назар аударылды.
Ол үшін оң қоғамдық пікір қалыптастыру бойынша елеулі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері облыстық ПД бастығы Бекет Аймағамбетов екі есептік кездесу, «Нұр Отан» партиясының филиалдарында 5 көшпелі қабылдау өткізді. 9 ай ішінде облыстың бас полицейі 100-ге жуық адамды қабылдады. Қабылдаулар барлық қалалық және аудандық аумақтық бөлімшелерде құрылған 21 фронт-кеңседе тұрақты негізде өтеді. Жыл басынан бері 500-ден астам азаматтың мәселесі шешілді.
Өзіндік қауіпсіздік басқармасының жеке құрам бойынша инспекция басшысы, полиция майоры Дәулет Қасенов мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Кеңес қорытындысы бойынша департамент аппараты қызметінің, қалалық, аудандық бөлімдер мен полиция басқармаларының бастықтарына қаралған мәселелер бойынша, атап айтқанда, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

***

Жамбыл облысының ПД
Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов облыстық Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевтің ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды есебін тыңдады.
Есеп беру кезеңінде тіркелген құқық бұзушылықтың саны 12,3%-ға төмендесе, әртүрлі қылмыстардың жолын кесуде бірқатар төмен көрсеткіштерге қол жеткізілді. Оның ішінде, пәтер ұрлығы 37,4%-ға, кісі өлтіру 28,9%-ға, қарақшылық 27,8%-ға, тонау 24,7%-ға қысқарды. Аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі 01,8%-ға, ауыр қылмыстар 85,3%-ға жақсарған.
Түйінді мәселелер қатарында Арман Оразалиев ауылдық жерлерде мектеп инспекторларының жетіспеушілігі, балалар психологтарының кәсіби деңгейінің төмендігі, облыс жолдарындағы жүргізушілердің нашар тәртібін атап өтті.
Сонымен қатар, қаладағы қайта жөндеуден өткен саябақтарды бұзу, қирату көріністерінің жиіленіп, қоғамдық орындарды пайдалану мәдениетіндегі кемшіліктерді де тілге тиек етті.
Өз кезегінде аймақ басшысы Асқар Мырзахметов жұмысты жүйелендіруге, әкімшілік істер бойынша айыппұлдарды қатаңдатуға назар аударуға шақырды. Мәселен, кәмелеттік жасқа толмағандарға алкоголь өнімдерін сататын сауда орындарының лицензиясын тартып алуды ұсынды. Жол ережесін бұзушыларды лауазымы мен қызметіне қарамастан қатаң жазалауға тапсырды. Вандализмдік әрекеттермен ешқандай келісімсіз күресуді, экологиялық және табиғатты қорғау мәселелеріне баса назар аударды атап өтті.
Жалпы айтқанда, Асқар Исабекұлы 9 айда атқарылған жұмыстардың нәтижесін тыңдай келе, құқық қорғау органдарында жүргізіліп жатқан жұмыстарды тиісті деңгейде деп бағалады. Алайда, алдағы уақытта да шешімін табар келелі мәселелер мен атқарылар шаруалардың аз еместігін, қоғамдағы тәртіпті сақтау және тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету ортақ мақсатымыз екендігін айтты.
Жиын соңында аймақ басшысы облыстық Полиция департаментінің жұмысты жандандыру мақсатындағы барлық жоспардағы істеріне және мектеп инспекторларының дәрежесін, жалақысын көтеру туралы ұсынысына да қолдау білдірді.
– Жыл соңы таяп қалды, сол себепті Полиция департаментінің барлық бөлімшелері бойынша кейінге қалып отырған жұмыстарды аяқтап, нәтижелілігін жақсарту керек, – деп сөзін қортындылады облыс әкімі Асқар Мырзахметов.

***

Қостанай облысы ТЖД
Департамент бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Т. Кәкімовтің төрағалығымен 2019 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті.
Кеңес жұмысына департамент аппаратының қызметкерлері, ведомстволық бағынысты мекемелері мен аумақтық бөлімшелердің бастықтары мен басшылары қатысты.
Департаменттің жедел қызметтері есепті кезеңде 5 991 рет шақыртуға шықты, оның барысында 2 217 азамат эвакуацияланды және 517 адам құтқарылды. 129 зардап шеккенге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді.
ТЖ кезінде зардап шеккендердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға артты, қаза болғандардың саны 40%-ға азайды. Материалдық залал 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артты. Облыс аумағында осы жылдың 9 айында 457 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай орын алды.
Кеңес барысында департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің бастықтары тыңдалып, олар өз сөздерінде қызметтің барлық бағыттарын көрсетті, жетістіктер мен проблемалық мәселелерді айтты.
Кеңес қорытындысы бойынша Т. Кәкімов әр басшының ұйымдастырушылық рөліне объективті және принципті баға берді, оң сәттерді атап өтті, қызметтегі проблемалар мен кемшіліктерді атап өтті.
Кездесудің қорытындысын шығару кезінде ТЖД қызметкерлерінің жылу беру кезеңінде қауіпсіздікті күшейту, жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті нығайту бойынша 2-жартыжылдықта қойылған міндеттерді орындауға баса назар аударылды.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*