Түнгі қала тынысы

28 қазан мен 2 қараша аралығында Еңбекші ауданының аумағында полиция қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауына жол бермеу, құқықтық ақпараттандыру, саламатты өмір салтын насихаттау және қадағалаусыз балаларды, сондай-ақ, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасайтын және құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды анықтау, балаларды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамайтын ата-аналарды жауапкершілікке тарту.
Түнгі рейд барысында полицейлер кәмелетке толмағандардың жаппай болатын орындарын тексеріп, қала көшелерін аралап, ойын-сауық орындарына барып, келушілердің жасына ерекше назар аударды.
Шара нәтижесінде полиция бөлімшесіне 32 кәмелетке толмаған жеткізілді. Оның ішіндегі 6-ы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды, 25 жасөспірімнің ата-анасына ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігімен «сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз», 1 жасөспірімнің ата-анасына ӘҚБтК-нің 440-бабы 2-бөлігімен «жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға мас күйде келу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, ювеналды полиция инспекторлары жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелесулер өткізіп, тиісті кеңес беріп, қолданыстағы заңнама ережелерін түсіндірді.

Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*