Қылмыстық істерге қатысты шағым

Ақмола облысы Полиция департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин азаматтарды жеке қабылдады.
Кездесуге департаментке қарасты негізгі құрылымдардың басшылары қатысты. Жеке қабылдау кезінде азаматтар басшылыққа тікелей сұрақ қою және оған жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
Оның ішінде балаларды асырауға қаражат төлеу бойынша міндетті орындамау жөніндегі қылмыстық іспен байланысты өзінің клиентінің мүддесін қорғаған Көкшетау қаласының тұрғыны жүгінді. Өтініш берушінің және оның өкілінің айтуынша, алимент төлеушінің тұрғылықты орны анықталғанына қарамастан өтініш берілген күннен бастап процессуалдық шешім қабылданғанға дейін анықтаушылар бірнеше рет ауыстырылған.
Көкшетау қаласының тағы бір тұрғыны 2019 жылдың сәуір айында облыс орталығының бір мейрамханасында баласына дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық істі жедел, бюрократизмсіз тергеу туралы өтінішпен жүгінді.
Жалпы, бұл күні қабылдауға 7 адам өтінішпен келді. Полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин қабылданған барлық өтініш-арыздар бойынша нақты тапсырмалар беріп, орындау мерзімдерін, өтініш берушілермен нұсқуды орындау сапасын тексеру үшін кездесу күнін белгіледі.
Мысалы, азаматтардың жекелеген шағымдары нақты қылмыстық істердің тергелуіне қатысты болды, оларды генерал негізді деп тапты.
Әрбір қылмыстық іс бойынша қаралған өтініш бойынша департамент бастығының уақытша міндетін атқарушы тиісті қызметтерге Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесе қызметтік тергеу өткізуді тапсырды.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*