Күдікті қолға түсті

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Шадияр Қосымбаев бірнеше ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді.
Күдікті 1997 жылы туған П. есімді азамат Ақмола облысының тумасы болып шықты. Тұрақты тұратын жері жоқ, бұрын әртүрлі қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жауапқа тартылған. Тергеу барысында ұсталған күдіктінің бірнеше ұрлыққа қатысы бар екені анықталды.
Биыл 29 маусым күні Есіл аудандық Полиция басқармасына әйелдер киімі дүкенінің сатушысы, азаматша М.А. арызданған болатын. Сол күні сағат 14:30-да белгісіз біреу жасырын түрде оның сөмкесін ұрлап кеткен. Сөмкеде 50 000 теңге ақша және басқа да құжаттар болған.
Тағы бір дерек 2 тамызда тіркелген. Есіл аудандық Полиция басқармасына дәріхана фармацевті, азаматша М.М. арызданған. Сол күні сағат 15:00 шамасында белгісіз біреу жасырын түрде кассадан 70 000 теңге жымқырған.
Ал 25 қыркүйек күні тіркелген ұрлық дерегінде эквивалентті қаражат көлемі одан да көп. Сол күні ломбардқа кілтті сұрыптай отырып ашып, жасырын түрде кіру арқылы белгісіз біреу 11 алтын сақина, 7 алтын сырға, 4 алтын алқа, 2 дана білезік ұрлаған. Материалдық шығын 644 200 теңгені құрайды. Қолға түскен күдіктінің одан да өзге деректерге қатысы бары анықталуда.
Есіл аудандық Полиция басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қонақтарына өз мүліктері мен бағалы дүниелеріне сақ болуды ескертеді.

Гүлжан БЕКЕНОВА, Нұр-Сұлтан қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*