Жүргізуші куәлігінің жаңа үлгісі

Жаңа жүргізуші куәліктерінде саусақ іздері болады. ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары жаңа куәліктің басқа қандай өзгешеліктері болатынын айтып берді.
«Біз жүргізуші куәліктерін тіркеу қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Жады көп жаңа үлгідегі чиптерді енгізіп жатырмыз. Ол көп ақпарат сақтау үшін қажет, себебі құжат иесінің биометрикалық деректерін, оның ішінде саусақ іздерін де енгізбекшіміз. Чип құжаттың артқы бөлігінде орналастырылады. Жаңа көлік құжаты жеке құжатқа ұқсас. Тіркеу туралы куәлікке сәйкес құжаттың түсін өзгертуді жоспарлап отырмыз», – деп хабарлады ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңісбаев.
Көлік құжатына саусақ іздерін 2021 жылдан енгізе бастайды. Бұған дейін жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжаттың жаңа үлгісінің эскизі пайда болған. Жүргізуші куәлігінің түсі өзгереді.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*