Азаматтық қоғамдағы өзара іс-қимыл

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде «Eurasian Expert Couneil» қоғамдық қорының президенті Ч. Лепсібаевтың ұсынысымен Мемлекеттік және азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл семинар-тренингі өтті.
Шараға департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б. Ақшауов, жеке құрам, сондай-ақ, қоғамдық қор және т.б. мекеме өкілдері қатысты.
Қоғамдық қор мен Ішкі істер министрлігі ынтымақтастығының тұжырымдамасы жобасына қатысты әртүрлі бағыттар бойынша, оның ішінде құқық бұзушылық профилактикасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері қаралды.
Семинар спикерлері «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» АҚ президенті Никар Рафикова тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы полиция мен ҮЕҰ департаментінің өзара іс-қимылы туралы, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынастары жүйесіндегі ҚХА туралы, «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» ЗТҚ президенті Жібек Ахметова, Ақтау қаласының «Qorgau» жобасының заңгері Мұса Нұржанов жобасы жұмысы туралы айтып өтті.
Семинар барысында Ш. Лепсібаев «GR – Мемлекеттік басқару, Мемлекеттік басқару тарихы деген не?» тақырыбында дәріс оқыды.
Шара соңында қатысушыларға сертификат берілді.

Маңғыстау облысы
ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*