«Қауіпсіз жол» жалғасуда

Шымкент полицейлері бір күнде 563 жол қозғалысы ережелерін бұзу жайтын анықтады.
21-27 қазан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның бірінші күнінің қорытындысы бойынша полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 563 жайтын анықтады.
Оның ішінде «Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ, жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ, рейс алдындағы медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргiзушiнiң басқаруына рұқсат беру» бойынша – 2, «Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару» бойынша – 4, «Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды немесе радиостанцияны пайдалануы» бойынша – 25, «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану бойынша талаптарды сақтамау» бойынша – 35, «Маневр жасау ережелерін бұзу» бойынша – 12, «Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына жол жүру» бойынша – 8, «Жаяу жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына жүруге басымдық бермеу» бойынша – 4, «Құжаттарсыз және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы» бойынша – 3, «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша – 30 жайт анықталды.

Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*