Байқоңырлық спортшылар топ жарды

Көпжылғы дәстүр бойынша азаматтық қорғау органдардың құрылған күніне орай «Локомотив» стадионында өрт-құтқару спортынан сайыс өтті. Жарысқа облыстағы өрт сөндіру бөлімдерінен және Төтенше жағдайлар департаменті мен Ресей Федерациясының №70 федералды өртке қарсы қызметінен құралған 17 команда қатысты.
Іс-шара өрт-құтқару спортын дамыту және оның танымалдылығын арттыру, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылды.
2 күнге ұласқан жарыста қатысушылар 100 метрлік кедергілер жолағынан өту, шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4-қабатына көтерілу, жауынгерлік қанат жаю, жылжымалы сатыны оқу мұнарасының 3-қабатына орнату және көтерілу тәртіптері бойынша сынға түсті.
Жалпыкомандалық есеп бойынша Байқоңыр қаласы №8 Өрт сөндіру бөлімінің спортшылары 1-орынды иеленді. Жаңақорған ауданы №14 Өрт сөндіру бөлімі 2-орында. Үшінші орынды Қызылорда қаласы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі иеленді.

Қызылорда облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*