Иттер сертификат алды

Жуырда Қызылорда облысында кинологиялық есеп топтарын сертификаттау сынағының екінші кезеңі өтті.
Республика көлемде ұйымдастырылған сертификациялық сынақтың ІІ кезеңіне жолдама алған жедел құтқару жасақтарының құтқарушы иттеріне іздестіру аймағынан 3 зардап шегушіні табу тапсырмасы берілді.
Кинологтың жүретін жері және іздестіру аймағы ескі қираған ғимарат болды. Ол арнайы маркерлік лентамен белгіленді. Әр итке іздестіру үшін 20 минут уақыт берілді. Құтқарушы иттер белсенді түрде зардап шегушілерді іздестірді.
«Іздеу аймағына барған кезде иттер өз мақсатын нақты білуі қажет. Зардап шегушіні тапқанда кинологына «үру» арқылы белгі беруі тиіс. Көп жағдайда зардап шегушінің ізін таба алмаған кезде, иттер иіс арқылы іздеуге кіріседі. Барлық адам өкпесінен өзіне тән иіс бөлінеді. Құтқарушы иттер осы иіс арқылы іздеп табады», – дейді бас төреші О. Гуржеева.
Екінші кезең сынақ қорытындысына сәйкес 15 қызметтік ит жақсы нәтиже көрсетіп, қалған 14 құтқарушы ит кезектен өте алмады. 3-кезең өткізілген соң, сертификациялық сынақ нәтижесін қорытындылайды.

Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ»

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*