Көші-қон заңнамасын түсіндірді

Шымкент қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері қаладағы жоғары оқу орындарының шетелдік студенттерімен кездесті.
17-18 қазанда Шымкент қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің, «Silk way» халықаралық университетінің, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің, академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының және «Мирас» университетінің шетелдік студенттерімен кездесу ұйымдастырып, көші-қон заңнамасына байланысты мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық семинар өткізді.
Полиция қызметкерлері шетел студенттеріне көші-қон есебі, Қазақстан Республикасының аумағына келу және кету тәртібі, көші-қон картасы жоғалған жағдайда не істеу керек екендігі туралы және Қазақстан Республикасының аумағында жұмысқа орналасу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Жоғары оқу орындарының өкілдері мен студенттер полицейлерге ұйымдастырылған кездесу үшін алғыстарын білдірді.
Кездесу соңында Шымкент қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері өздерінің байланыс нөмірлерін қалдырды.

Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*