Жемқорлықсыз жеке құрам

Өскемен-1 стансасындағы Желілік полиция бөлімінде жеке құрам арасында жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
Жемқорлықтың себептерін жою мен оны анықтау бойынша ұдайы негізде профилактикалық жұмыстар өтіп жатыр. Себебі, ішкі істер органдарында жемқорлықтың орын алуы қоғам мен мемлекетке қауіп төндіретіні анық. Осыған орай, Өскемен-1 стансасындағы ЖПБ басшылығы полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты түскен арыз-шағымдарды тіркеуді қатаң бақылауда ұстайды. Полиция қызметкерлері жасаған әрбір қылмыс фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізіледі.
Айта кетерлігі, Мемлекет басшысының «ҚР ІІО 2018-2020 жж. арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын» орындау барысында қызметтік тәртіпті бұзудың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, тәрбие және кадр жұмысының тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Полицейлердің қызметтік-жауынгерлік дайындығы бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
Басқа салаларға қарағанда, әсіресе, ішкі істер органдары қатарындағы жемқорлық әрекеттер әдетте барынша зор қоғамдық резонанс тудыратыны анық. Оның бірден-бір себебі – полиция қызметіне қоғамда маңызды функциялар жүктеледі. Сол себепті де, полицейлер өзінің қызметтік міндеттерін орындау барысынла мемлекет мүддесі мен азаматтардың құқықтарын сақтауды басшылыққа алуы қажет.

Өскемен-1 стансасындағы ЖПБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*