Тәртіп сақшылары тұрғындармен кездесті

15 қыркүйек пен 10 желтоқсан аралығында өтіп жатқан «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Шаған ПБ №24 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары, полиция майоры Рауан Ізбасаров пен полиция лейтенанты Бекжан Нұралиев, №21 учаскелік полиция пунктінің инспекторы, полиция капитаны Асылбек Мұратов өздері қызмет көрсететін аймақтарды аралап, тұрғындармен кездесті.
Азаматтардың пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Шаған полиция бөлімінің тәртіп сақшылары 9 мектеп, 4 жоғары оқу орны, облыстық көпбейінді аурухана, №6 емхана сынды әлеуметтік нысандарға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, «Көктем», «Арман», «Жақсы ауыл», «Ипподром», «Сарытау», «Ғалымдар ауылы», т.б. шағын аудандар тұрғындарының, Круглоозерное және Серебряково ауылдарының, 11 саяжай қоғамының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
«Учаске» ЖАШ барысында, нақтырақ айтсақ, бір айда Круглоозерное мен Серебряково ауылдары бойынша 6 қылмыс тіркеліп, барлығы да ізі суымай ашылды. Пәтер ұрлығы тіркеліп, бір тәулік ішінде ашылды. Ұсталған күдіктіден тәркіленген заттар мен ұялы телефон үй иесі Марал Көрпееваға кері қайтарылды. Осы 2 ауылда 10 бейнебақылау камерасы, 6549 тұрғын бар, тұрғындар саны күн санап артуда», – дейді полиция майоры Рауан Ізбасаров.
Рейд барысында шағандық тәртіп сақшылары Гринько көшесі, №23 үй тұрғыны Татьяна Иралиева мен Алғабас көшесі №9/2 мекенжайындағы Лаура Досанованың үйлеріне барып, сауалдарына жауап берді.

Гүламан ИСМАҒҰЛОВА, Орал қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*