Жаңа форматтағы «Жолда қабылдаулар»

18-19 қазан күндері ел аумағында дәстүрлі «Жолда қабылдау» акциясы жалғасын тапты. Тұңғыш рет жаңа форматта ұйымдастырылған шара барысында тәртіп сақшылары тұрғындардың түрлі сауалдарына жауап беріп, құқықтық көмек көрсетті.

Қостанай облысының ПД
Облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нығмет Исмағұловқа журналистер Денсаулық сақтау министрлігінің сағат 20:00-ден 09:00-ге дейін тыныштықты бұзғаны үшін жаза белгілеу туралы ұсынысына түсініктеме беруді сұрады.
Қазіргі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік Әкімшілік кодекстің 437-бабында көрсетілген. 23.00-ден таңғы 6-ға дейін тәртіп бұзғандар 5 АЕК және қайта бұзғаны үшін 10 АЕК айыппұл төлейді.
Нығмет Исмағұлов журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Қостанай облысында жыл басынан бері тыныштықты бұзғаны үшін 1887 адам жауапқа тартылғандығын түсіндірді. Мұндай хабарламалардың көпшілігі Қостанай қаласында тіркелген – 850 дерек.
– Әрине, көпшілігі заңмен белгіленген уақыттан бұрын да өтініш білдіреді. Бұл пәтерлер жалға берілетін жағдайларға қатысты. Мұндай мәселе бар, – деп түсіндірді полиция полковнигі.
Ол, сондай-ақ, полиция тұрғын үй секторының жанындағы дәмхана иелеріне қатысты шаралар қолданатынын атап өтті.
Ал журналистер бұл заң жұмыстан тек сегізде келетін азаматтардың құқықтарын бұза ма деп сұрады. Бұл жаңалықты қазір интернетте қызу талқылап жатыр. Желі пайдаланушылары тіпті кір жуғыш машинаның шуы тыныштықты бұзады деп есептейді.
– Санитарлық-эпидемиологиялық станса осындай фактілер бойынша өтініш білдірген кезде шудың рұқсат етілген деңгейін белгілейді және егер ол нормадан жоғары болса, полиция әкімшілік жауапкершілікке тартады, – деп түсіндірді Қостанай облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Андрей Григоревский.
Егер мұндай норма қабылданса және азаматтар қолдау көрсетсе, онда полицейлер құқық аясында жұмыс істейтін болады.
Айта кету керек, бұл жолы «Жолда қабылдау» акциясы жаңа форматта өтті. Азаматтарды қабылдау «Nur Otan» партиясының филиалдарында және полицияның фронт-кеңселерінде ұйымдастырылды.

Қызылорда облысының ПД
Қызылордалық полицейлер 2000-ға жуық тұрғынға кеңес берді.
18 және 19 қазан күндері аралығында Қызылорда облысы аумағында республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтті.
Халықпен кері байланысты орнату бойынша полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген екі күнге созылған акция облыс орталығында және барлық аудандарда өтті.
Екі күн бойы өткізілген акция барысында 2000-ға жуық тұрғын түрлі мәселелер бойынша мамандардан кеңес алды. Келген тұрғындардың барлығы көкейіндегі сұрақтарын еркін қойып, тұщымды жауаптар алды.
Полицейлер тұрғындардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, кең көлемді кеңестер берді.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД
Жуырда Петропавл қаласының Береке ауданындағы мектептердің қасына екі жаңа бағдаршам орнатылады. Бұл жөнінде петропавлдықтар жаңа форматта өткен «Жолда қабылдау» акциясы барысында хабардар болды.
Полицейлер азаматтармен «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында, полицияның аймақтық пункттерінде сұхбаттасты. Солтүстікқазақстандықтардан келіп түскен сұрақтардың басым бөлігі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болды. Сұрақтарға облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Думан Таев, жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция, көші-қон қызметі басқармасы және процессингтік орталықтың басшылығы жауап берді.
Қабылдаудың алғашқы сәттерінде 100-ге жуық сұрақ келіп түсті, олардың көпшілігі онлайн-режимде қабылданды. Тікелей көрсетілім Полиция департаментінің Инстаграм және Фейсбук әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында жүргізілді.
Петропавл қаласының тұрғындары полицейлерге жол қозғалысы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпесі бар Назарбаев көшесіндегі Чкалов аялдамасының маңындағы жол учаскесін зерделеу өтінішімен жүгінді. Қала тұрғындары аталған өтпеге басатын түймесі бар бағдаршамды орнатуды өтінді. Бұл сұрақ Әкімшілік полиция басқармасы басшылығының бақылауына алынды.
Сондай-ақ, петропавлдықтар балалардың мектеп жанындағы қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді. Береке ауданындағы жаңа мектептің жанына жуық арада бағдаршам орнатылады. Бұл туралы әкімшілік полиция қызметкерлері хабарлады. Аталған аудандағы тағы бір мектептің қасына екінші бағдаршамды орнату жоспарлануда. «Халықпен жүргізілетін осындай сұхбат жолдағы, жалпы қоғамдағы жағдайды зерделеуге мүмкіндік беретін шара. Диалогтың ашық форматы жұмысымызды үйлестіріп, азаматтардың қауіпсіздігіне бағытталған барынша тиімді шараларды қабылдауға септігін тигізеді», – атап өтті Думан Таев.
Полицияның №1 аймақтық пунктіне мото және автоклубтардың өкілдері келді. Олар жоспарланған спорттық іс-шаралар туралы бөлісіп, ең алдымен барлық қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүдделі екендерін атап өтті. Бұдан бөлек, олар өздерін тәртіпті жүргізушілер қатарына жатқызатынын және түнгі уақытта Петропавл қаласының көшелерінде тыныштықты бұзбайтынын мәлімдеді. Ал қала тұрғындары шағымданатын мотоцикл жүргізушілері ұйымдастырылған байкерлер клубына жатпайды.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*