Аса ірі қылмысты ашты

Қызметтік міндеттерін адал орындағаны және аса қауіпті қылмысты ашуда көрсеткен жоғары кәсібилігі үшін Қызылорда облысының полицейлері марапатталды.
Қыркүйек айында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық резонанс тудырған қарақшылық шабуылды ізін суытпай ашты. Осыған орай, департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Шалхаров 20-дан астам қызметкерді алғыс хаттармен және грамоталармен марапаттады.
Атап айтқанда, Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Азамат Фазылов Ішкі істер министрінің бұйрығымен Құрмет грамотасымен марапатталса, Тергеу басқармасының тергеушісі, полиция капитаны Табиғат Еркінбекұлына, Қызылорда облысы ПД ЖПҚ инспекторы, полиция аға лейтенанты Руслан Баймұратовқа және Қызылорда қаласы ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Мейрамбек Достыбаевқа ІІМ-нің грамоталары табысталды.
Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен Қызылорда қаласының ПБ Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция капитаны Ерболат Рүстембеков, Қызылорда облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Дархан Әбдібеков, Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Асылбек Қыдыров және Криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция капитаны Нұғман Аманжолов алғыс хаттармен марапатталды.

Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*