2 сағатта – 146 сұрақ

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған екі сағаттық тікелей эфир барысында полицейлерге 146 сұрақ келіп түсті.
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті қызметкерлері Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мәселелер бойынша екі сағаттық тікелей эфир (стрим) жүргізді.
Ашықтық, айқындылық пен халықты уақытылы ақпараттандыру форматындағы жұмыс жаңа іс-әрекет түрлерін қолдануды ұсынады. Солтүстікқазақстандық полицейлер стримдерді өткізу практикасын жалғастыруда, онда қолданушылардың сұрақтарына басшылар мен тәжірибелі қызметкерлер жауап береді. Бұл жолғы тікелей эфир өңірдегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналды. Ведомство медиа-студиясындағы бас спикерлер – Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Григорий Тыш, Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Назар Байматов және Процессингтік орталықтың басшысы, полиция подполковнигі Сергей Гизбрехт келіп түскен сұрақтарға жауап берді. WhatsApp мессенджеріне қосылған телефон нөмірін көрсетумен күні бұрын әлеуметтік желілерде іс-шара туралы хабарландыру жарияланды.
Қолданушылар жоғары белсенділік танытты: екі сағаттың ішінде полицейлерге 146 сұрақ келіп түсті. Олардың кейбірі бақылауға алынып, басым бөлігіне жауап берілді. Негізінен қала мен облыс тұрғындарын жол-көше желісінің жай-күйі, Жол жүрісі ережелерінің тармақтарын түсіндіру қызықтырды, сондай-ақ, полицияның атына тілектер мен алғыстар та білдірілді.
HILTON, Dostyk Mall сауда орталықтарында жол қозғалысын ұйымдастыруды өзгерту қажеттігіне арналған бірқатар сұрақтар келіп түсті. Қалалықтарды, олардың пікірінше Сәтбаев-Медведев көшелерінің қиылысындағы жол инфрақұрылымын барлығы бірдей түсіне бермейтіндігі, Смирнов-Потанин көшелерінің қиылысында белгінің қойылмауы алаңдатады. Қолданушылардың басым бөлігін интеллектуалдық қиылыстардың жұмысы қызықтырды, зерттеуді қажет ететін нақты мекенжайлар және жол қозғалысы қатысушыларының барлық санатына қолайлы болуы үшін өзгерту қажеттігі атап көрсетілді. Сұрақтардың көбі нақты жол белгілеріне, бағдаршам объектілеріне және жол қабатының жай-күйіне қатысты болды.
Солтүстік Қазақстан облысы ПД ӘПБ бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Назар Байматов атап өткендей, әкімшілік полиция қызметкерлері әр сұрақты назарға алды. Адамдардың түрлі пікірлері мен тілектерін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Айта кететіні, бүгінгі таңда Петропавлда 99 бағдаршам объектісі, 134 жаяу жүргінші өтпесі бар, олардың ішінде 34-і белсенді жол белгісіне ауыстырылды, яғни түнде олар жарық шашып тұрады.
Әлеуметтік желілерде ауқымды аудиториямен тікелей байланысты солтүстікқазақстанды полицейлер көктемде ІІМ бастамасы бойынша өткізілген «Жолда қабылдау» акциясы аясында орнатқан. Жүйеге келтірілген тәжірибе нақты жемісін беруде: проблемалы сәттер шешілуде және полицейлер қала мен облыстағы барлық жағдайды біледі.
Солтүстікқазақстандықтар полицейлердің тікелей эфирдегі жұмысына оң баға берді, ол жайлы стрим кезінде пікірлерін жазып жатты. Кезекті тікелей эфирді тергеу-жедел бөліністердің басшылығы келесі сәрсенбіде өткізуді жоспарлауда.

Юрий КЛЫКОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*