Парасат – адалдық негізі

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы әрекет ету мақсатында 14 қазанда Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында жеке құрамға «Адалдық сағаты» тақырыбында дәріс өтті.
Дәрісті департаменттің Кадр саясаты бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Мирас Алекешев өткізді.
– Парасаттылық – өмір сүруге қолайлы қоғамды дамытудың, алдыңғы қатарлы елдің қалыптасуының негізі. Яғни, парасаттылық – қоғамдық мүдделердің басымдығын қамтамасыз ету, жалпы жұрт таныған тәртіп ережелерін дәйекті сақтау, өз іс-әрекетінің салдарына жауапкершілік және қызметтік міндеттерін атқару кезінде жүріс-тұрыс стандарттарының мінсіз үлгісін көрсету, – деді М. Алекешев.
Бұл жағдайда үлкен үміт пен жауапкершілік аға буынның жасампаздық істер эстафетасын жалғастыратын, ұлттық бәсекеге қабілеттілік шегін одан да жоғары көтеретін, Қазақстанның XXI ғасырда өркендеуі мен әлемге танылуын қамтамасыз ететін жастарға жүктеледі.
Отан өз жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, оны мекендейтін адамдарға, атаулы күндер мен мерекелерге, мемлекет рәміздеріне ерекше жеке көзқарас қалыптасатын отбасында басталады.
– Бүгінгі таңда біздің әрқайсымыз уақыттың мақсатын терең сезініп, формуланы нақты ұстануымыз тиіс: парасаттылық – ұлттың рухани өзегі, прогрессивті қоғамның өмір сүру нормасы. Жастар – Қазақстан болашағының негізгі қозғаушы күші, аға ұрпақтың лайықты ізбасарлары, – деді М. Алекешев.
Дәріс соңында департамент қызметкерлері өз сұрақтарын қойды.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*