Салтанатты түрде құттықтады

Жуырда ішкі істер органдарының ардагері, ішкі қызмет подполковнигі Елеу Бекболатов 80 жасқа толды. Қостанай облысы ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Өмірбаевтың басшылығымен полицейлер ардагерді мерейтойымен салтанатты түрде құттықтады. Амангелді Ахметқалиұлы туған күн иесіне зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі және бағалы сыйлық табыс етті.
Елеу Бекболатов 1974 жылы ішкі істер органдарына қызметке келген. ІІО-ға түспес бұрын ол медициналық мекемелерде қызмет істеп, мол тәжірибе жинаған. Елеу Рахметұлы 4 жыл бойы аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары болып жұмыс істеген.
Ішкі істер органдарындағы еңбек жолын Қостанай облысы ІІБ медициналық қызмет дәрігер-инспекторынан бастап, Қостанай облысы ІІБ ОӘДК төрағасы лауазымына дейін көтерілді. Ішкі қызмет подполковнигі атағына ие болды.
– Ішкі істер органдарында 24 жылдан астам қызмет атқарған, медициналық салада 32 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар Елеу Рахметұлы көп нәрсе жасады: білікті маман атанды, қаншама шәкірт тәрбиеледі. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған құрметті ақсақал, – деп атап өтті Амангелді Өмірбаев.
Ішкі істер органдарындағы қызметі үшін ардагер көптеген ведомстволық наградалармен марапатталды. Қызметте жоғары көрсеткіштері үшін ІІБ, ІІМ басшылығы тарапынан бірнеше рет марапатталып, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалін төске таққан.
Елеу Рахметұлы әріптестеріне алғысын айтып: «ІІО-да қызмет еткен жылдар ішінде мен әрқашан қоғамға пайдалы болғым келді және адамдарға көмектесуге талпындым. Ардагерлер кеңесі мен госпиталь басшылығы тарапынан көрсетілген құрмет – біздің көп жылғы еңбегіміздің жемісі», – деді.
Елеу Бекболатов зейнетте жүрсе де, ардагерлер ұйымы мен полиция қызметкерлерінің жас буынын тәрбиелеуде зор еңбек етіп келеді.

Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*