Тексеру тобы – қауіпсіздік тірегі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/1 мекемесінде тексеру тобы қызметкерлерінің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – мекемеде арнайы контингенттің пайдалануына тыйым салынған заттардың жолын кесу, мекеме аумағына енуіне тосқауыл болу.
ЕО-164/1 мекемесінде қауіпсіздік және өткізу режимін жақсарту мақсатында 2014 жылы тергеу изоляторына баратын адамдарға тексеру жүргізуге арналған Мобильді ғимарат салынды.
Мекемеде өткізу тәртібі қатаң түрде ҚАК 32-бабына және ІІМ-нің «Қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріне бару ережесін бекіту туралы» №63 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Мекемеге кіретін барлық адамдар – адвокаттар, тергеушілер, қоғамдық қорғаушылар, өзара іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдері бір жолғы рұқсатнама негізінде өтеді.
ҚАК 32-бабына сәйкес тәуліктің кез келген уақытында мекемеге кедергісіз кіру мүмкіндігі бар адамдардың тізбесі анықталды. Алайда, бұл адамдар да тексеріледі. Барлық тексеру рәсімдері бейнебақылау камераларына және алып жүретін бейнетіркеуіштерге жазылады.
Тексеру кезінде заманауи микро аудио, бейне аппаратуралардың (қаламдар, қол сағаттар, брелоктар, т.б.) еніп кетпеуіне жіті назар аударылады. Тексеру тобының қызметкерлері облыстық ҚАЖД ЕС-164/1 мекемесінің аумағына барлық адамдар кірген кезде және тексеру іс-шараларын жүргізуде металл іздегіштерді пайдаланады.
Сондай-ақ, мекемеге келген адамдармен түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Мекемеге кірер алдында барлық адамдарға міндетті түрде мекеме қызметкерлері тыйым салу және әкімшілік жазалау шаралары туралы, тергеу изоляторында сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарды беру немесе беруге әрекет жасағаны үшін жазаланатынын ескертеді.
Бұл жұмыстар оң нәтиже беруде. Бірақ, мекеме қызметкерлерінің тиімді әрекеттеріне қарамастан, тыйым салынған заттарды арнайы контингентке өткізуге немесе беруге әрекет ету фактілері жоқ емес. Тергеу изоляторында тыйым салынған заттардың ең жиі пайдаланылатын арналары – ұзақ кездесулер, сондай-ақ, қоғамдық қорғаушылармен кездесу кезінде туысқандарының келуі.
Тексеру тобының қызметкерлері жүргізген жоғарыда көрсетілген барлық іс-шаралар жалпы тергеу изоляторының қызметіне оң әсерін тигізеді.
Бүгінде мекеме бастығының бұйрығымен тексеру тобына режим және күзет бөлімінің тәжірибелі бақылаушылары қатарынан қызметкерлер бекітілген. Олар өздеріне берілген құқықтар мен өкілеттіктер шеңберінде өз функционалдық міндеттерін сапасыз орындағаны, мемлекеттік қызметшінің ар-намыс кодексі нормаларын сақтамағаны, ішкі істер органдарында қызметте болуына байланысты шектеулерді және Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да талаптарын орындамағаны үшін дербес жауапты болады. Сондай-ақ, лауазымдық нұсқаулықтарда көзделген міндеттерді сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік және қылмыстық жауапқа тартылады.
Аталған іс-шаралар нәтижесінде 2019 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕС-164/1 тергеу изоляторының аумағына сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттар түскен жоқ.

Қанат СӘЛІМБАЕВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*