Үздік газ-түтіннен қорғаушы

Жамбыл облысында «Үздік газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны» облыстық байқауы өтті.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің жауынгерлері (ГТҚҚ) көзге түртсе көргісіз қараңғы әрі қолқаны қабатындай қалың түтін мен ыс ғимаратта, яғни қиын жағдайда жұмыс атқаратындығын бірі білсе, бірі білмес. Кәсібилік тұрғысынан дәл осы қызмет түрінің адам өмірін құтқаруда атқарар тәуекелдері мен қиындықтары жетіп артылады. Өйткені, оларға күрделі өрттерде жұмыс істеулеріне тура келеді.
8 қазанда Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру мекемесінің №1 Мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет гарнизонының өрт сөндіру бөлімшелерінің газ-түтіннен қорғау қызметі буындарының арасында «Үздік газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны» облыстық байқауы өтті. Онда 10 команда сайысқа түсті.
Байқау газ-түтіннен қорғау қызметін жетілдіру, жеке құрамды газ-түтіннен қорғау қызметінің жедел-қызметтік міндеттерін сәтті орындауды қамтамасыз ететін епті және тиімді іс-әрекетке оқыту мақсатында өтті.
Жарыс барысында өрт сөндірушілер өз кәсіби біліктіліктерін көрсетті. Байқауға өрт сөндірушілердің күнделікті өмірінде қолданылатын жаттығу түрлері енгізілді.
Барлық қатысушылар қойылған тапсырмаларды сәтті орындады, алайда, жарыстың жеңімпаздары болуы шарт. «Үздік газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны» атағына өткен облыстық байқаудың жеңімпазы тыныс органдарын жеке қорғау құралдарының типіне қарамастан, айып уақытының есебімен, кезеңдерді өту барысында ең аз жұмсалған уақыт бойынша анықталады.
Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды Тараз қаласы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы, 2-орынды Меркі ауданы, Меркі ауылы №9 Өрт сөндіру бөлімі, 3-орынды Т. Рысқұлов ауданы №10 Өрт сөндіру бөлімі иеленді.

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру мекемесі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*