«Жас құтқарушы-2019»

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен №3 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өрт қауіпсіздігін насихаттау, оқушылар арасында бұқаралық құтқарушылар жұмыстарын жандандыру, құтқарушы мамандықтарын насихаттау мақсатында «Жас құтқарушы-2019» сайысы өтті.
Қазылар құрамындағы Арал ауданы №3 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры З. Қалжанов, оның орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Н. Ақбалаев және Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны А. Сыдықов осындай сайыстар жасөпірімдер үшін қызықты өтетінін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа 5 топ қатысты. Жеңімпаз топты анықтау қазылар мүшелеріне қиынға түсті. Өйткені, барлық команда өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірумен қатар белсенділік танытып, бір-біріне дес бермеді.
Соңында жарыстың жеңімпазы мен жүлдегерлері таңдалып, қатысушылары Арал ауданы №3 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры З. Қалжанов медаль және грамоталармен марапаттады.
Жарыс соңында төрешілер сайысқа қатысқан командаларға ризашылықтарын білдіріп, мұндай сайыстар, талқылаулар, кездесулер өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін маңызды екендігін айтты.

Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*