Бес сайыстан тұрған бәсеке

Батыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет бөлімдерінің арасында «Үздік қарауыл» сайысы өтті. Іс-шара жеке құрамның кәсіптік шеберлігін көтеруге бағытталды.
Жарыстың бірінші кезеңі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімшелерінде өтті. Жеңімпаздар шешуші кезеңде «Үздік қарауыл» атағы үшін тартысқа түсті.
Барлық қарауылдар өздерінің шеберліктерін келесі нормативтерді орындау арқылы көрсетті: «Құтқару жібін ғимараттың конструкциясына бекіту (төрттен бір тәсіл)», «Жылжымалы саты арқылы оқу мұнарасының 3-қабат терезесіне орнату және көтерілу», «Дабыл бойынша жиналу және шығу», «Автоцистернада екі оқпанын берумен жауынгерлік қанат жаю», «Қос құтқару ілгегін тоқу арқылы құтқарылған адамға кигізу».
Барлық жеке құрам жақсы дайындық пен кәсіби машықтарын көрсетті. Тартысты да қызықты сайыста «Үздік қарауыл-2019» атағын №5 Өрт сөндіру бөлімінің №3 қарауыл жеке құрамы жеңіп алды.
Екінші орынды №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің №2 кезекші ауысымының жеке құрамы алса, үшінші орынға №7 Өрт сөндіру бөлімінің №3 қарауыл жеке құрамы ие болды.
Аталмыш сайыс Орал қаласының өртке қарсы гарнизонында жыл сайын өтіп келеді.

Д. ЕРМАҒАМБЕТОВА, Орал қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*