30 литр қан тапсырды

Қостанай облысы, Рудный қаласы Полиция басқармасының бастығы бастаған тәртіп сақшылар осымен екінші рет қан тапсыру акциясына қатысып отыр. Бүгінгі Рудный қаласы ПБ жеке құрамынан 74 қызметкер ерікті түрде донор болды.
Полиция басқармасының бас ғимаратының ауласында Қостанай облыстық қан орталығының мобильді станциясы жұмыс істеді. Қан тапсырмас бұрын, тәртіп сақшылары тиісті 450 милилитр қан беріп, донор болуға жарамды немесе жарамсыз екендерін анықтады. Содан соң қан қысымын өлшеп, қандай топқа жататындарын анықтады. Егер қысым қалыпты болмаса немесе гемоглобин деңгейі төмен болса, сондай-ақ, жақында ота жасалған, бір кездері гепатитпен ауырған азаматтарға қан тапсыруға болмайды.
Полицейлердің денсаулығы жақсы. Тек түнгі кезекшіліктен келген тәртіп сақшылары осы жылы донор болған жоқ. Дәрігерлер оларға демалуға, күш-жігерді қалпына келтіруге ұсыныс жасады. Кейін өз еріктерімен Рудныйдағы перинаталдық орталықта тапсыруға болады.
– Өткен жылы да Рудный қаласы Полиция басқармасында қан тапсыру акциясы өтті, онда біздің 42 қызметкер қатысты. Басқарма бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бәжікбаев барлығына үлгі болды. Ол осы жылы да акцияны қолдап, барлығымен бірге қан тапсырды. Біз қан тапсыруды маңызды және қажет екенін түсінеміз, сол арқылы біз құюды қажет ететін адамдарға көмектесеміз, – деп атап өтті Рудный қаласы ПБ Ішкі және сыртқы коммуникация тобының инспекторы Ілияс Құдабаев.
Ал полиция капитаны Жанара Жүнісова алғаш рет донор болды.
– Өзімді жақсы сезінемін, көңіл күйім керемет. Өткен жылы мен донор бола алмадым, себебі артериялық қысым төмен болды. Бірақ, бүгін барлық көрсеткіштер қалыпты. Міне, мен донор карточкасын алдым. Бұл мен үшін айтарлықтай жайт, – дейді ол.
Осылайша, небары жарт күн ішінде полиция қызметкерлері 30 литр қан тапсырды.

Рудный қаласының ПБ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*