Ұлулар – психологтар көмекшісі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінде тәрбие жұмысын жүргізуге сотталған әйелдермен үлкен жұмыс жүргізетін психолог мамандар бар. Мекеме аумағында психологиялық кабинет және релаксация бөлмесі жұмыс істейді. Сотталған әйелдер әрқашан психологиялық қызметке жүгіне алады.
Сотталғандармен өз жұмысында әртүрлі жұмыс әдістерін қолдана отырып, мекеменің психологиялық қызметі сотталғандарды бейімдеу бойынша тәсілдерді оңтайландыруға және сан алуан етуге, өзара іс-қимылдың жаңа нысандарын пайдалануға тырысады.
Облыстық ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің психология кабинетінде сотталғандар арасында алаңдаушылықты, мазасыздықты, тұрақсыз эмоциялық жағдайды жоюға бағытталған тренинг өтті. Шара барысында сабақ қатысушыларын таңқалдырған тірі ұлуларды пайдалану тәжірибесі ерекше болды.
Осы тренингке қатысушы әйелдерге мұндай дене психотерапиясы өте ұнады. Ұлулар қатысушылардың қолдарымен баяу қозғалып, босаңсу, қуаныш сезімін тудырды. Оның үстіне, ойналған музыка романтикалық көңіл күйге бөледі.
Одан кейін психологтар мазасыздықтан, реніштен және агрессиядан құтылуға бағытталған «Ұлу» атты психологиялық жаттығу өткізді. Жаттығу шынайы қызығушылық тудырды және барлық әйелдер оған белсене қатысты.
Тренинг соңында рефлексия кезеңі өтті. Шараның барлық қатысушысына парақтар беріліп, онда олар өздерінің сезімдерін, эмоцияларын, осындай сабақтардың пайдасы туралы пікірлерін білдірді. Барлық әйелдер: «Бәрі керемет, ерекше болды» деген пікірге келді.
Бұл жаттығулар сотталғандарды өз эмоциялары мен сезімдерімен күресуге үйретті.

Майя АҚАНОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*