Жұртшылық полицияға сене ме?

Бұл сұрақтың жауабын Қостанай облысы Полиция департаменті әлеуметтік желілерде жүргізген сауалнама арқылы білді. Барлық сұрақтарға ВКонтакте желісіндегі интернет пайдаланушылары жауап берді.
Сауалнамаға облыстың 196 тұрғыны қатысқан, олардың 86%-ы 35 жасқа дейінгі азаматтар.
– Бұл өте заңды, өйткені «ВКонтакте» желісі Қазақстандағы ең танымал желі және негізінен оны жастар қолданады, – дейді «Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қорының директоры Диана Окремова.
Ол, сондай-ақ, мұндай сауалнамалар нақты әлеуметтік нәтижелер бермесе де, олар жалпы үрдісті көруге және өзекті мәселелер бойынша жұртшылықтың пікірін білуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сауалнама сұрақтары мынадай: «Сіз реформалар полиция жұмысын жақсартады деп сенесіз бе?» – бұған 140 интернет-пайдаланушы жауап берген. Оныі 55% – ИӘ.
«Полицияға көмектесуге дайынсыз ба?» деген сұраққа қатысушылардың 91,3% оң жауап берген.
Бұл үрдісті Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетов те ерекше атап өтті. Фейсбуктегі парақшасында полицияға 500-ден астам азамат көмек көрсететінін жазған. Жыл басынан бері олар 12 қылмыс пен 400 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысқаны үшін 110 полиция көмекшісі марапатталды.
«Полиция ашық жұмыс істей бастады ма?» деген сұраққа пайдаланушылардың 64% жағымды жауап беріпті.
«Полиция халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшті ме?» деген сауалға 59,6% «ИӘ» дейді. «Жоқ» – 26,6%, 13,7% нақты жауап беруге қиналған.
«Полиция фронт-кеңселерінің жұмысы туралы сіз білесіздер ме?» деген сұраққа елу пайызы білетіні туралы жазған.
Сауалнама нәтижесіне сәйкес 75,5% пайдаланушы өздері тұратын жерде қауіпсіз сезінеді. Бұны көшелерде және қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар статистикасы да растайды, ол тиісінше 25,7% және 23,4% төмендеді. Азаматтардың 66,3% полицияға сенеді.
Осындай сауалдар облыс полициясында тұрақты түрде әртүрлі әлеуметтік желілерде өткізілмек.

Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*