Маңғыстаудағы маңызды шаралар

10 қазанда Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болды.
Бірінші кезекте Ерлан Заманбекұлы ГМ-172/6 мемлекеттік мекемесіне барып, сотталғандардың тұрмыстық жағдайларымен, медициналық-санитарлық көмек көрсетілуі, тамақтануы және еңбекпен қамтуы мәселелерімен танысты. Сондай-ақ, Е. Тұрғымбаев қамаудағыларды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Облыстық Полиция департаментіндегі мұражайға барып, экспонаттармен танысты. Айта кету керек, мұражайда «Халық Қаһарманы» атағына ие болған полицей батырымыз Ғазиз Байтасовқа арналған бұрыш бар.
Одан кейін Е. Тұрғымбаев ПД, ТЖД, ҚАЖД басшылығымен және жеке құраммен кездесті. Департамент басшылары 9 ай қорытындысы бойынша атқарылған жұмыс туралы министр алдында есеп берді.
Іс-шара соңында Ішкі істер министрі басшылық құрамға мерзімінен бұрын арнайы атақтар беріп, ІІМ алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапаттады.
Атап айтқанда, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Нұржан Махмутовқа, Ақтау қаласы Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің мүліктік қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Марат Эрниязовқа, Ақтау қаласы Полиция басқармасының аға криминалисі, полиция майоры Александр Коренскихке полиция подполковнигі шені берілді.
Сонымен қатар, ІІМ Грамотасымен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Жедел қимылдайтынарнайы жасағының взвод командирі, полиция капитаны Мантақ Асанұлы, ІІМ Алғыс хатымен Ақтау қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы, полиция лейтенанты Нұрбек Насиханов, ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төс белгісімен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Жаңаөзен қалалық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Биғали Елемесов марапатталды.
Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін адал атқаратын және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлерін тәрбиелегені үшін ІІМ Алғыс хаттарымен полиция лейтенанты Нұржан Құрмантаевтың әкесі Бекназар Құрмантаев және полиция лейтенанты Алтынай Унайбаеваның анасы Артик Унайбаева марапатталды.
Министр Көші-қон қызметтерін көрсету орталығына, Ақтау қаласы Полиция басқармасының фронт-кеңсесіне, «Каспий» стационарлық полиция бекетіне барып, қызметтерімен танысты.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*