Автобус апаттарына қарсы шара

Автобус – жолаушылар тасымалында айрықша орны бар көлік түрі. Өкінішке қарай, соңғы уақыттарда елімізде автобустардың жол-көлік апаттарына ұшырау оқиғалары жиілеп кетті. Оған кейде автобус жүргізушілерінің өзі кінәлі болып жатады. Осыған орай, ішкі істер органдары қызметкерлері 10-17 қазан аралығында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр.

Қостанай облысының ПД
«Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетов Рудный қаласында жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының өкілдерімен кездесіп, олардың мәселелерін тыңдады.
Облыстың бас полицейі кеншілер шаһарына жасаған сапары барысында жергілікті полицияның фронт-кеңсесінде азаматтарды жеке қабылдап, «Қостанай автовокзалы» ірі автокәсіпорынына барды. Бұл кәсіпорында 200 жүргізуші жұмыс істейді. Олар тек облыс ішінде ғана емес, сонымен қатар, одан тыс жерлерге де адам тасымалдайды. Кәсіпорын басшысы Ботагөз Бопатаева бүгінгі таңда бұл салада екі үлкен мәселе бар екенін айтты. Ол – заңсыз тасымалдаушылар мен техникалық тексеру сапасы.
– Бізде 200 автобус бар. Өткен жылы қоғамдық көлікті техникалық тексеру үшін сапалы жабдықтар сатып алынды. Бізде кез келген көлік техникалық байқаудан өте алады. Бірақ, бүгінде осындай қызметті ешқандай тексерістен өткізбей, «ватсап» арқылы сататындар пайда болды. Көптеген адамдар лицензия алады, автобустың қай жерге баратынын айтпағанда, қажетті жабдықтары жоқ. Бұл ретте техникалық байқаудан өткендігі туралы талон беріледі.
Кәсіпорын басшысының бұл сөзін кездесуге келген жүргізушілер қолдады. Б. Аймағамбетов кәсіпорында жасалған жағдайларды қарап шығып, шын мәнінде мұнда көлікті тексеру шұңқырлары, арнайы жабдықтар бар екеніне көз жеткізді.
– Егер қоғамдық көліктер осындай техникалық байқаудан өтсе, көптеген мәселе шешілер еді. Бүгін елімізде бірнеше ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Біз көліктік бақылау өкілдерімен бірлесе отырып, барлық жүргізушілер көліктің техникалық жағдайын сапалы тексеруден өту тетіктері туралы мәселені пысықтап жатырмыз, – деп атап өтті генерал.
Департамент басшысымен өткен кездесуде жүргізушілер тағы бір проблеманы көтерді. Бұл – заңсыз тасымалдаушылар. 46 жылдан бері автобус айдап жүрген Владимир Бублик тасымалдаумен айналысатын такси жүргізушілері, сондай-ақ, автобус жүргізушілері жылына екі рет техникалық байқаудан өтуге міндетті екенін атап өтті. 6 қазанда Қостанайда такси көлігі жанып, жүргізуші зардап шекті. Көбінесе, таксилер ақшаны ойлап, қауіпсіздікті естен шығарады дейді ол.
– Біз такси жүргізушілерінің автовокзалға кіріп, жолаушыларды жинайтынын көріп жүрміз. Қазірдің өзінде Қашар кентіне баратын автобусты тоқтаттық, өйткені пайда жоқ. Сонымен қатар, біздің автобустарға үнемі техникалық бақылау жүргізіледі, – деді жүргізуші.
Бекет Аймағамбетовтің айтуынша, бұл мәселе бұрыннан бар.
– Мен Қостанай ауданында азаматтарды қабылдадым. Сол жерде тасымалдаушылар маған шағымданып, наразылықтарын білдірді. Жергілікті полиция қызметі аталған мәселелерді тексеру үшін рейдтер өткізуде, – деп атап өтті генерал.
Бекет Аймағамбетов атап өткендей, облыста «Автобус» жедел алдын алу іс-шараларының бірінші күні автобус жүргізушілерінің 97 бұзушылығы анықталды, оның ішінде көліктің техникалық жағдайына байланысты 6 бұзушылық тіркелген.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД
Қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан тиісті техникалық талаптардың және жолаушыларды тасымалдау ережелерінің сақталуына бақылау жасау – полицейлердің басты міндеттерінің бірі.
Қоғамдық көлік жүргізушілері арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қатысуымен аварияларды болдырмау мақсатында 10 қазаннан полицейлер «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Операция барысында тәртіп сақшылары Петропавл қаласы, сондай-ақ, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда мақсатты рейдтерді және тексерістерді жүргізеді. Рейдтерге инспекторлармен бірге мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың 26 өкілі қатысты. Қалалық және қалааралық тасымалға тартылған жолаушылар көлігінің жүргізушілері олардың басты назарына алынды.
Мақсатты жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде алғашқы күннің өзінде жолаушылар көлігінің жүргізушілері жол берген 87 бұзушылық анықталды. Олар негізгінен уақытында техникалық тексеруден өтпеу немесе рұқсатсыз қайта жабдықтаудың 4 жағдайы, көлік құралын құжатсыз басқарудың – 7 фактісі, сәйкес тексерусіз, рұқсатсыз немесе хабарламасыз кәсіпкерлік қызметпен айналысудың 1 фактісі анықталды. Бұзушылықтың үштен бірін жүргізушілердің телефонмен сөйлесуі, маневрлеу ережесін бұзуы құрайды. Одан басқа, жол полицейлері белгілеген қозғалыс жылдамдығын бұзған 11 жүргізушіні анықтады.
Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Думан Таевтың айтуынша, полицейлер әкімшілік шаралардан басқа, жолаушылар көлігінің жүргізушілерімен профилактикалық жұмысты күшейтті. «Операциялар мен рейдтер аясында жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары қолға алынады. Осы шаралардың нәтижесінде 3 көлік құралын пайдалануға тыйым салынды. Әкімшілік жауапкершілікке 8 лауазымды тұлға тартылды», – деп толықтыра кетті полиция полковнигі.

Қызылорда облысының ПД
Іс-шара аясында облыс көлемінде көліктік бақылау басқармасы өкілдерінің қатарынан мобильді топтар жасақталып, көліктің жасырын бағыттарын анықтау (бағдарларда, соңғы аялдамаларда, белгіленбеген тұрақтарда), бұл ретте алдын ала және кезең-кезеңімен, оның ішінде рейс алдында (ауысым алдында) жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қамтамасыз ету бойынша тексерістер жүргізілді.
Шараның 1-күнінде жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 137 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, оның 14-і – көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын арттыру дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 592-бабы), 12-сі – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі немесе тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі жоқ жүргізушінің көлік құралын басқару дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 612,1-бабы), 6-і – тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 590,7-бабы), ұялы телефонмен сөйлесудің (ӘҚБтК-нің 591,1-бабы) 26 дерегі бойынша заң бұзушылықтар орын алған.
Барлық заң бұзушылықтар бойынша хаттама толтырылып, тиісті әкімшілік шара колданылды.

Батыс Қазақстан облысының ПД
Автокөлік жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ, қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы аумағында республикалық «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Автожолдарда ішкі істер органдары берген функцияларға сәйкес автобустармен және таксилермен жолаушыларды тасымалдау кезінде талаптарды сақтау бойынша бақылау күшейтілді. Полиция қызметкерлері заңсыз қайта жабдықталған автобустарды, сондай-ақ, техникалық жағдайы мен құрылысы жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автобустар мен таксилерді пайдалануға тыйым салу шараларын қолдануда. Іс-шара барысында алдын ала және кезең-кезеңмен, оның ішінде рейс алдында жүргізушіні медициналық тексеру, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауына ерекше мән беріледі.
«Автобус» жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде облыс бойынша қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 162 жол қозғалысы ережесін бұзушылық анықталды. Көлік жүргізушілерінің жол үстінде телефон қолданғаны үшін 36 әкімшілік материал, 1 жүргізушіге қатысты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзғаны үшін әкімшілік материал толтырылса, 40 әкімшілік материал маневрлеу ережесін бұзғаны үшін, 12 жүргізуші техникалық бақылаудан өтпеген көлік құралдарын басқарғаны үшін, 4 автобус заңсыз қайта жабдықталғаны үшін, қоғамдық көлікті басқаратын 4 жүргізуші жылдамдықты арттырғаны үшін, 1 жүргізуші қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткені үшін, 16 жүргізуші құжаттарсыз көлiк құралдарын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*