Жүлдеге іліккен жампоздар

Қостанай облысының Полиция департаментінде республикалық турнирде жүлделі орын алған қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Қостанайлық полицейлер командасы ІІМ мен «Динамо» ДСО ұйымдастырған жауынгерлік қарудан ату бойынша VIII Спартакиадаға қатысқан болатын.
Чемпионаттың негізгі мақсаты – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру. Жарысқа барлық облыстардан және аумақтық полиция департаменттері мен Көліктегі Полиция департаменттерінен бас-аяғы 17 команда қатысты.
Командалар Макаров тапаншасынан және Калашников автоматынан атудан жарысты. ПМ-3 жаттығуында жеке сынақта екінші орынды облыстық ПД оқу-жаттығу взводы басқармасының 2 санатты аға инспекторы, полиция капитаны Қайрат Әшімов жеңіп алды. ПМ-6 жаттығуында үшінші орынды Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы, полиция майоры Нарболат Ақпасов иеленді. АК-3 және АК-4 автоматынан атуда ПП ОЖВБ аға инспекторы, полиция майоры Владимиир Дидух жарыс чемпионы атанып, «Үздік автоматшы» номинациясы бойынша жеңімпаз болды.
Жалпыкомандалық есепте Қостанай облысы ПД құрама командасы үшінші орынға ие болды.
– Жарысқа қатысушылар қазіргі заманғы ату әдістерін үйреніп, тәжірибе алмасты, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД ОЖВБ командирінің орынбасары, полиция подполковнигі Марат Мамаев.
Бұдан бөлек, Қостанай облысы ПД ОЖВБ құрама командасы Алматы қаласында өткен ҚР чемпионатында 2-орын алды.
Жекелей есепте ОЖВБ инспекторы, полиция лейтенанты Әзімжан Байзрахманов 2-орынды иеленді. Департаментте ОЖВБ қызметкерлері Асхат Қожамхет, Дмитрий Архипов, Әзімжан Байзрахмановты медальдармен марапаттады.

Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*