Облыс намысын қорғайды

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінде ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің медициналық қызметкерлердің персоналдық кәсібилігі мен біліктілігінің өсуін ынталандыру мақсатында «Үздік медицина қызметкері» байқауы өтті.
Оған мекемеден мейіргер-құтқарушы Айдос Әбілда, фельдшер Әлішер Ақпанбетов, фельдшер Ердос Сметов қатысып, өздерінің біліктіліктерін сынға салды.
Бірінші кезекте қатысушыларға өткелі отырған «Үздік медициналық қызметкер» байқауының міндеті мен мақсатын түсіндірді. Шара барысында медициналық қызметкерлердің персоналдық кәсібилігі мен біліктілігінің өсуін ынталандыру мақсат етіліп отырғандығы және байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған медициналық қызметкер Жамбыл облысының намысын қорғау үшін республикалық «Үздік медициналық қызметкер» байқауына қатысуға мүмкіндік алатындығы айтылды.
Жамбыл облысы бойынша саламатты өмір салты жұмыстарымен айналысатын «Зер-күміс» ЖШС бас маманы Бибігүл Сарыбекова да арнайы қонақ ретінде қатысып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Одан әрі жұмыс тәртібімен бекітілген ереже бойынша «Үздік медициналық қызметкер» байқауы өтті.
Таныстыру, яғни «визиттік карточка», отыз сұрақтан тұратын теориялық тапсырма және тәжірибелік сипаттағы тапсырмалардан тұратын 3 кезеңді комиссия мүшелері бағалау парағы арқылы қорытындылап, Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің Тараз қаласы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің фельдшері Ердос Cметовті жеңімпаз деп таныды.
Ол арнайы алғыс хатпен марапатталып, республикалық байқауға жолдаманы иеленді.

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру мекемесі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*