Үшінші турға жолдама

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлері арасында «Үздік жасақ тәрбиешілер кеңесі» байқауы өтті.
Облыстық деңгейдегі шараға қауіпсіздігі аралас, орташа және барынша төмен түзеу мекемелеріндегі сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы бойынша бөлімдерінің жасақ бастықтары қатысты.
Жасақ тәрбиешілер кеңесі қызметкерлерінің, ұжымның бірлігін нығайту, қылмыстық атқару жүесі қызметкерлерінің беделін, имиджін арттыру, жасақ тәрбиешілер кеңесінің моральдық-психологиялық ахуалын жақсарту, жаза мерзімдерін өтеп жатқан сотталғандармен тәрбие жұмысы сапасын арттыруды көздеген жарыс үш турдан тұрды.
Әрбір тур 3 сатыдан жасақталған. Бұл байқауда әр сатыда жасақ бастықтарының күнделікті атқарып жатқан жұмысы бағаланады. Оның ішінде жасақ жағдайында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, сабақтарды өткізу, жеке сұрақтармен қабылдау, ЖТК отырысын ұйымдастырудағы жаңа әдістер туралы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, құқық қорғаушылар өздерінің алғашқы медициналық көмек көрсетудегі білімдерінен сынақтарын тапсырды.
Әр сайыстағы тапсырманың қорытындысы бойынша қазылар алқасы орташа балды шығара отырып, облысы деңгейіндегі қазылар алқасы шешімінің негізінде және облыстық ҚАЖ департаменті бастығының бұйрығымен «Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің үздік жасақ тәрбиешілер кеңесі» номинациясына КА-168/2 (қауіпсіздігі орташа) мекемесінің сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы, әділет майоры Бахтияр Укасов ие болды.
Бұл қызметкер байқаудың республикалық деңгейде өтетін 3-турына, яғни ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінде ұйыдастырылатын жарысқа жолдама алды.
2-ші және 3-ші орындарға ие болған КА-168/1 және КА-168/2 мекемелерінің қызметкерлері, әділет лейтенанты Айбек Қуаншалиев пен әділет аға лейтенанты Әсет Саденов Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының грамотасына ие болып, жыл соңында ақшалай марапатқа ұсынылмақ.

Руслан ТӨЛЕГЕНОВ, Ақтөбе облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*