Балалар білімдерін паш етті

Қызылордада «Абайлаңыз: балалар!» республикалық акциясы аясында Ж. Жабаев атындағы №120 орта мектепте тәртіп сақшылары мен мектеп әкімшілігі ойын флешмобын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мектеп оқушылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Оған қалалық Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция капитаны Нұрлыхан Рахменшеев және Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекция бөлімінің бастығы, полиция майоры Айбек Құлмағанбетов қатысты.
Полиция қызметкерлері жол жүру ережелерін білу бойынша викторина және ойын түрінде флешмоб өткізді. Балалар қонақтардың сұрақтарына қызығушылықпен жауап беріп, жақсы білімдерін көрсетті.
Кездесу әңгіме түрінде өтіп, полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы тағы да еске салды.
Іс-шара соңында белсенді кішкентай қатысушылар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

Қызылорда қаласының ПБ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*