Коммуникативтік дағды – басты қару

12 қазанда Шымкент қаласы Полиция департаментінің психологтары Жергілікті полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне «Коммуникативтік дағдыларды дамыту» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды.
Тренингтің мақсаты – қарым-қатынас орнатуда, адамдардың мінез-құлқын болжауда полицейдің мүмкіндіктерін анықтайтын коммуникативтік шеберлікті, сөйлеу дағдыларын, білім мен қабілеттілікті дамыту. Өйткені, әңгімелесушінің жағдайын дұрыс түсінбестен тиімді жоспарлау, шешім қабылдау, проблемалық және даулы жағдайларды шешу мүмкін емес.
Тренинг барысында тәртіп сақшылары көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап тауып, алған білімдерін өз қызметінде қолдануға уәде берді.
Айта кетсек, полиция қызметкерлеріне арналған осындай психологиялық тренингтер Шымкент қаласы ПД-нің психологтарымен тұрақты негізде өтіп тұрады.

Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*