Еңбекшілік сақшыларға – екі автокөлік

Шымкент қаласы ПД-нің бастығы, полиция полковнигі Е. Жұмаханбетов Тоғыс елді мекенінің тұрғындарымен кездесті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдардың қызметкерлері халықпен тығыз қарым-қатынас жасап, жұртшылыққа барынша жақын болуы және олардың өтініштерін қабылданып, тез арада оған заңды шешім қабылдау қажеттігін атап өтті.
Осы орайда Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Е. Жұмаханбетов Тоғыс елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, олардың тарапынан қойылған сұрақтарды кең көлемде талқылады.
Шымкент қаласының бас полицейі есігінің әрқашан ашық, тұрғындардың қандай да бір мазалап жүрген сұрақтары немесе мәселелері болса, міндетті түрде бірлесіп, ақылдасып шешімін табатынын жеткізді. Ал тұрғындар өз кезегінде Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Е. Жұмаханбетовтың апта сайынғы азаматтарды қабылдауын Фейсбук әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көретінін айтып, оң бағасын беріп, әрбір басшы осылайша ашық және халыққа жақын болса екен деді.
Кездесу барысында аталған елді мекенде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Еңбекші ауданы ПБ-на екі қызметтік автокөлік берілді, сондай-ақ, тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, демалыс күндері қосымша екі автоэкипаж жұмыс атқаратын болды.

Шымкент қаласының ПБ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*