Жас мамандар ант берді

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің саптық байқауы өтті.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің саптық алаңында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті және оған ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің саптық байқауы өтіп, қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлердің ант беру рәсімі болды.
Саптық байқауды Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Руслан Қайрақбаев жүргізді.
Шараның мақсаты – қызметкерлердің қысқы киім кию түріне көшуі. Қызметкерлердің күнделікті сыртқы киімі мен бет-бейнесіне назар аударылды. Іс-шара барысында қызметтік жеке куәлігі, жетонының болуы, эмблема, шеврон, погонының дұрыс тігілуі, шаштың көрінісі және аяқкиіміне баға берілді.
Саптық байқау нәтижесінде қызметкерлер арасында киім кию тәртібін өрескел бұзушылық анықталған жоқ. Шара соңы жеке құрамның салтанатты шеруіне ұласты.

Қызылорда облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*