Құқық бұзушылық азайып келеді

Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстың саны азайды.
Облыстық ПД ювеналдық полициясы өткізетін профилактикалық шаралар кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты азайтуға мүмкіндік берді. Бұл қылмыстар саны 30 пайызға және балаларға қатысты жасалатын қылмыстың саны 22 пайызға азайды. Бұл жайлы полиция қызметкерлері облыстық ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысында айтты.
Отырысты ашқан ККО төрағасы Жасұлан Ахметов кәмелетке толмағандардың құқықтық санасын нығайтудағы құқық қорғау органдары, білім беру мекемелері қызметкерлерінің, қоғамдық ұйымдардың басты рөлін атап өтті. Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Александр Розбахтың айтуынша, жасөспірімдердің түнгі уақытта көңіл көтеретін орындар мен көшелерде жүруін анықтау бойынша апта сайын рейдтер өткізілді. Осындай іс-шаралар оларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттердің жасалуына жол бермеуге мүмкіндік береді. Іс-шара нәтижесі бойынша 2 мыңнан астам түнде қыдыруды ұнататын кәмелетке толмаған ұсталды. Олардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 18 көңіл көтеру иесі кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта барлар мен клубтарда болуына жол бергені үшін жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 132-бабы 10-нан 50 АЕК дейін, яғни 25 мыңнан 126 мыңға дейін айыппұл салуды көздейді. 21 жасқа толмағандарға алкоголь сатудың 85 фактісі анықталды. Бұл жағдайда айыппұл түрінде жаза, сондай-ақ, алкоголь өнімін сату құқығын тоқтату көзделген. Полицейлер заңды өкілдермен профилактикалық жұмысқа ерекше көңіл бөледі. Жыл басынан 400-ден астам солтүстікқазақстандық тұрғын балаларын тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi тиісті орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 28-і ата-ана құқығынан айырылды.
ККО мүшелері мен полицейлердің талқылаған тағы бір тақырыбы – қоғамдық резонанс тудырған құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жедел ден қою мәселесі. Солтүстік Қазақстан облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қайрат Қасымбеков атап өткендей, осындай барлық оқиғалар бойынша ақпарат көзделген заңнама аясында объективті ұсынылады. Жұртшылыққа мәліметтерді ұсыну кезінде қылмыстық процеске қатысушылардың барлығының құқықтарын бұзуға жол бермеу аса маңызды.
«Азаматтардың барлық өтініштеріне, оның ішінде интернет кеңістігі арқылы жедел ден қою полиция жұмысының ашықтығы мен айқындылығы принципін қамтамасыз етеді. Атап айқанда, осы басты факторлар – азаматтардың сеніміне ие болуға септігін тигізетін полиция қызметі тиімділігінің маңызды көрсеткіші», – деді ККО жұмысы отырысын аяқтаған облыстық ПД бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешуге қатысқан қоғам өкілдеріне алғысын білдірді.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*