Ашықтық – жемқорлыққа қарсы амал

Көлік полицейлері «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылады.
Нұр-Сұлтан қаласында ІІМ Көліктегі Полиция департаменті қызметкерлері мен «ҚТЖ» ҰК» «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Оған «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Қайрат Асқаров, департамент басшылары, Көліктегі Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Саят Омарғазин, сондай-ақ, КПД-нің Экстремизмге қарсы күрес, көші-қон қызметі, криминалдық және әкімшілік полициясы басқармаларының бастықтары қатысты.
Дөңгелек үстелдің тақырыбы – «Ашықтық. Айқындық. Темір жол көлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл». Азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы және темір жол көлігі объектілерінде тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер талқыланды.
Кездеуді ашқан Қайрат Асқаров көлік полицейлерімен бірлесе отырып жасаған жұмыстың еліміздің темір жол көлігіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша оң нәтижелерге жол ашатынын айтты.
Өз кезегінде сөз алған Саят Омарғазин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының негізгі міндеттері мен бағыттарына кеңінен тоқталды. Кездесуге қатысушылар көлік полициясының атқаратын қызметі туралы толық мағлұмат алды. Бұған қоса, олар полицейлердің заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты азаматтардан келіп түскен өтініштер бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасының атқарған жұмыс нәтижелері туралы да білді.
Басқосу барысында темір жол көлігі нысандарында кездесетін кейбір проблемалық мәселелер мен оларды шешудің нақты жолдары айтылды.
Көліктегі ПД қызметкерлерінің «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдерімен бірлескен кездесуі соңында темір жол көлігі нысандарының қауіпсіздігін нығайту бойынша, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қызметтің айқындығын және барлық азаматтық қоғамның ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі екіжақты шешімдер қабылданды.

Көліктегі ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*