Батырларды ұлықтау эстафетасы

Қостанай облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне ескерткіш орнату үрдісі қарқын алды. Бұл эстафетаны Бейімбет Майлин атындағы аудандық Полиция бөлімі қабылдады.
Ауданда қоғам қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткен батырлар аз емес. Бұл күні қылмыскердің қолынан қаза тапқан Медет Досымхановты еске алды. Медет Досымхановтың Қостанай облысы полициясының тарихында мәңгі қалатыны сөзсіз. Оған қызметтік борышын адал орындағаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Президент Жарлығымен «Айбын» ордені берілген болатын.
Ескерткіштің ашылуына аудан әкімі Қуандық Испергенов, Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев және аудан тұрғындары қатысты.
Салтанатты іс-шарадан соң жиналған жұртшылық аудандық Полиция бөліміне экскурсия жасады. Қонақтар полиция тарихына көз жүгіртіп, ерлік бұрышымен танысты. Мұнда қаза тапқан қызметкерлер Ғазиз Байтасовтың, Медет Досымхановтың, Виктор Гайнзенің ерліктері жазылған.
Экскурсияға келушілердің арасында полиция әулетінен шыққан 8-сынып оқушысы Данил Пастушенко да бар.
– Менің атам ішкі істер органдарының ардагері, әкем аудандық Полиция бөлімінде жұмыс істейді. Болашақта мен өзімнің отбасымның дәстүрін жалғастырып, полицияда қызмет еткім келеді, – деді Д. Пастушенко.
Енді Жангелдин және Наурызым аудандарында қаза тапқан қызметкерлерге ескерткіш ашылады.

Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*