ТЖ болдырмау – басты назарда

Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемов аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінде болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Аудандық ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі А. Оразбеков атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын мақсат-міндеттер жөнінде аудан әкіміне баяндады. Бөлім бастығы Асхат Оразбеков төтенше жағдайлардың алдын алу мен болдырмау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде және техникалық қамтамасыз етілуі бойынша мағұлмат берді.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің» аудандық бөлімінде 35 қызметкер еңбек етеді. Өрт сөндірушілердің кәсіби біліктілігі жоғары. Бөлім тарапынан тұрғындарға орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың себебі жөнінде ұдайы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі төтенше жағдайлардың алдын алу мен болдырмау басты назарда болу керектігін айтты. Сонымен бірге, өрт сөндірушілердің кәсіби біліктілігін көтеру үшін арнайы жоспар құрып, оқу-жаттығу ұйымдастыруды тапсырды.

Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*