Академия курсанты – «Жігіттің сұлтаны»

Жақында Қостанай қаласындағы «Мирас» мәдениет сарайында қалааралық «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті.
Оған ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясы атынан күндізгі және сырттай оқыту факультетінің 3-курс курсанты, полиция кіші сержанты Рүстем Сәрсенәлі қатысты. Академияның мәртебесін көтеріп, үздік шыққан ол бас жүлдені иеленді.
Айта кететін жайт, дәл осындай сайыста алдыңғы жылы бақ сынап, бас жүлдені қанжығасына иеленген Рүстем осы жылы да жеңісін қайталаған болатын. Полиция қызметкері тек құқық қорғау органдарына қатысты нормативтік-құқықтық актілерді біліп қана қоймай, жан-жақты біліктілігін де шыңдап, қалалық, республикалық деңгейдегі сайыстарда жүлделі орындарды иеленіп, көрермен көз айымына айналып жүр.
«Ердің де ері бар, азаматы бір бөлек» демекші, Академия басшылығын, профессорлық-оқытушылық құрамын және қала тұрғындарын таң қалдырған Рүстем Сәрсенәлі іс-шарада қарсыластарын басып озды.

 

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*