Қауіпсіздік ережесі пысықталды

Жуырда Алматы-1 стансасындағы Желілік полиция басқармасының қызмет көрсету учаскесінде «Құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» атты кең көлемді акция өтті.
Акция кезінде Желілік полиция басқармасының қызметкерлері темір жол вокзалдарында жолаушылармен әңгімелесіп, әкімшілік заңнаманың нормаларын түсіндірді. Жас балалармен жүрген жолаушыларға темір жолда жарақаттанудың алдын алу мақсатында темір жол көлігінде жүру ережелерін пысықтады.
Сондай-ақ, Алматы-2 стансасының темір жол вокзалының персоналы қызметкерлерімен халық арасында ұсақ құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, темір жол маңында орналасқан оқу орындарында білім алушылардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында дәрістер өткізілді.

Г. БЕКЕМҚҰЛОВА, Алматы қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*