Ережені білейік, аман-есен жүрейік!

Қызылордалық полицейлер кішкентай бүлдіршіндерге жолда жүру ережелерін үйретті.
Республика көлемінде қыркүйек айының 1-30 аралығында «Абайлаңыз: балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткені белгілі. Осыған орай, жуырда мектепке дейінгі білім беру ошағы, яғни «Ботақан» балабақшасының «Құлыншақ» тобында Қызылорда қаласының Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Әлия Нұрмағанбетова мен полиция майоры Ғалия Ережееваның ұйымдастыруымен «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік!» атты интерактивті ашық сабақ өтті.
Сабақта жаяу жүргіншілердің қауіпсіз жүру ережелері, жол белгілерін білуі бойынша көріністер көрсетіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның соңында белсенді қатысқан кішкентай бүлдіршіндерге ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Нұрлыхан Рахменшиев алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

Қызылорда қаласының ПБ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*