Жас волонтерлар – сенімді көмекші

Қазіргі таңда полиция қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі – қылмысты ашу ғана емес, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу.
Ішкі істер органдарының оң имиджін қалыптастыру, азаматтар мен полиция арасында сенім орнату және қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қарағанды қаласының ПБ ұйымдастыруымен қыркүйек айының 15-інен бастап 10 желтоқсан аралығында «Учаске» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.
ЖАШ барысында полиция қызметінің әртүрлі салалары, атап айтсақ, қару сақтау ережесі, көші-қон заңдылығының орындалуын бақылау, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл тұрғыда полиция қызметкерлеріне Қарағанды қаласының Қызыл ай және жарты ай қоғамының қызметкерлері және еріктілеар қомақты үлесін қосуда. Атап айтсақ, 17 қыркүйекте Қарағанды қаласының ПБ Орталық ПБ қызмет көрсететін аумағында полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі УПИ және лицензиялық рұқсат беру жүйесінің қызметкерлері волонтер жастармен бірлескен рейд ұйымдастырды.
Жас волонтерларға Орталық ПБ басшы құрамы ЖАШ мақсатын түсіндіргеннен кейін қызметкерлер топтарға бөлініп, аумақ бойынша пәтер аралау жұмыстарына белсене кірісіп, полиция қызметкерлерімен бірге аумақтағы пәтерлер мен тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарға ғаламтор алаяқтығы және қоғамда орын алып жатқан құқық бұзушылықтардан сақтану бойынша жаднамалар және ескерту парақшаларын таратты.
Алдағы уақытта да Қарағанды қаласының ПБ және аумақтық бөліністері жас волонтерлармен өз жұмыстарын жалғастыратын болады.

Нағима ӘШІМҚЫЗЫ, Қарағанды қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*