«Мен жол тәртібін сақтаймын»

1-30 қыркүйек аралығында облыс көлемінде «Назар аударыңыз: балалар!» атты жедел алдын алу іс-шарасы жоғары деңгейде өтуде.
Осы сөзіміздің дәлеліндей, 25 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласындағы №23 орта мектепте Орал қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметі мен облыстық «Гауһар жолы» атты қоғамдық бірлестік «Жолда жүру тәртібін мен осылай сақтаймын» атты сазды шара өткізді.
Оған мектептің бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналары, мұғалімдері қатысты. Жол жүру қауіпсіздігін өзекті тақырып етіп алған бұл шара ерекше форматта ұйымдастырылып, кішкентай балалардың сүйіп көретін, қызықтайтын мультфилмдері мен ертегілер кейіпкерлері қонаққа келді. Өте үлкен жылждамдықпен қозғалатын қызыл көлік, қоңыр аю, көк киімді жол реттеушісі кейпіндегі әдемі кейіпкерлер бастауыш сынып оқушыларына жол белгілерін көрсетіп, танымдық қабілеттерін тексерді. Викториналық сұрақтар қойып, жол жүру қауіпсіздігіне қатысты сауаттылықтарын анықтады. Балаларының нақты әрі ұтымды жауаптарына ата-аналары риза болып, қолпаштап отырды.
«Гауһар жолы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырушылары оқушыларды сахнаға шақырып, жол белгілерін көрермендерге ымммен көрсетуді сұрады. Дәл жауап берген кішкентай бүлдіршіндерге түрлі сыйлықтар үлестірілді. Ал осы шараны бастан-аяқ қызықтап көрген ата-аналар алғыстарын жаудырды.
– Біздің балаларымыз осы мектептің бастауыш сыныптарында оқиды. Күн сайын жолдан мұқият өту, жаяу жүргіншілер өтпесінен өту, жолдың кез келген тұсынан кесіп өтпеу, жол үстінде жүгірмеу туралы ақылымызды айтып отырамыз. Олар бұл айтылғандардың бірін тыңдаса, біріне мән бермейді. Бүгінгі шара ерекше болды. Бала түгілі өзіміздің қызығушылығымыз оянып, ойын түрлеріне араласып отырдық. Түрлі мультфильм кейіпкерлері, нақтырақ айтсақ, «Көліктер» мультфильміндегі үлкен жылдамдықпен жүретін көлік түрлері болып киінген аға-апалары жол үстіндегі сақтық шараларын айтып түсіндірді. Барша ата-аналар атынан ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз, – деді №23 орта мектептің директоры Гүлсім Сатыбаева.

Гүламан ИСМАҒҰЛОВА, Орал қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*