Қоғам тыныштығын қорғау – парыз

Қостанай Академиясында 4-курс курсанттары мен арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына оқу-жаттығу жиындары өткізілуде.
Академияда білім алып жатқан 4-курс курсанттарына және арнайы бастапқы оқыту курстарының 181 тағылымдамашысына оқу ордамыздың әскери және тактикалық-арнайы даярлық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және Қостанай облысы Полиция департаментінің Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының қызметкерлері бірлесе отырып, оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
25 қыркүйекте ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының бастығы, полиция полковнигі Н. Биекенов пен Қостанай облысы Полициясы департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі А. Ынтықбаев оқу-жаттығу жиындарына қатысты. Оқу-жаттығу жиынында Академия бастығы Н. Биекенов: «Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен халықтың тыныштығын қадағалап, ел тыныштығын күзетеді, қылмыстың алдын алып, тәртіпсіздікті болдырмайды. Полиция – мемлекеттің бір бөлшегі», – деді.
Оқу-жаттығу жиынында 4-курс курсанттары мен арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушылары жедел-қызметтік тапсырмаларды шешу кезінде арнайы құралдарды және қаруларды тиімді пайдалану дағдыларын, әртүрлі оқу-жаттығулардың әдіс-тәсілдерін, арнайы операциялар, көпшілік тәртіпсіздік кезінде ІІО жеке құрамының тактикалық қызметіндегі тәсілдерін меңгеруде. Жеке қорғану құралдарын қолдану және арнайы операциялар кезінде техниканы дұрыс пайдалануды үйреніп жатыр.

О. УАҚПАЕВА, Қостанай қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*