Қоғаммен ашық диалог

Павлодар облысының Полиция департаментінде Ішкі істер министрлігі мен «Eurasian Expert Council» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған «Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы» атты семинар өтті.
Семинар-тренинг жұмысына «Eurasian Expert Council» ҚҚ Президенті Чингиз Лепсибаев, Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Бауыржан Қапенов, «Павлодар облысы тұтынушыларының құқығын қорғау қоғамы» ҰБ құқық қорғаушылары мен заңгерлері, сондай-ақ, облыстық ПД басқармалары мен қалалық, аудандық Полиция бөлімдерінің басшылары қатысты.
Азаматтық қоғаммен ашық диалог өткізу мақсатында облыстық ПД халық үшін 7 фронт-кеңсені ашты. Онда күн сайын бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары барлық сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдайды.
– Полиция департаменті консультативтік кеңес құрамына кіреді, қоғаммен, БАҚ өкілдерімен бірге ПД атынан мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын анықтайды. Отырыстар барысында азаматтық қоғамның оң дамуына жәрдемдесетін сұрақтар қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданады.
Қазіргі уақытта облыстық ПД-де өзара іс-қимыл мәселесі бойынша волонтерлік орталықтармен меморандумға қол қойылды, 1400-ден астам полиция көмекшісі патрульдік полиция жасақтары және учаскелік полиция инспекторларымен бірге қоғамдық тәртіпті күзетуді жүзеге асырады, – деп атап кетті өз сөзінде облыс ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Жасқайрат Қайыров.
Семинар шеңберінде Чингиз Лепсибаев «Qorgau» жобасының тұсауын кесті. Оның мақсаты – азаматтардың құқығын қорғауда қолжетімді және тегін инфраструктура ашу.
Семинар-тренинг жоғары деңгейде өтіп, оған қатысқан облыстық департамент пен аудандық Полиция бөлімдерінің басшылары азаматтармен әрі қарай өзара іс-қимыл орнатуды күшейту бойынша үндеуге үлкен шабытпен қарады.
Бұндай семинарлар құқық қорғау ұйымдары мен полицияны, құқық қорғаудың басқа органдарын біріктіретін сараптама алаңы болып табылатынын және мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимыл сатысында жаңа импульс беретінін атап кеткен жөн.

Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*